Нарық

Төтенше жағдай аяқталды: министр 42 500 теңгеге өтініш беру туралы

  • http://7news.kz/

    http://7news.kz/

11 мамырдан бастап әлеуметтік төлемді алуға өтініш беру тоқтатылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik тілшісі.

 

"Бүгін төтенше жағдай мерзімі аяқталды. Сондықтан да біз бүгіннен бастап жаңа өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз. Бірақ 11 мамырға дейін өткізілген өтініштердің барлығы міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса, тағайындалып төленеді", - деді министр үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.

 

Айтуынша, бүгінге дейін 4 миллион 539 мың адамға 42 500 теңге тағайындалып төленді. Барлығы 193 миллиард теңге бағытталған.

 

"Төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар, олардың саны 3 миллион 735 мың адам, екінші айға да төлем алуға құқылы", - деді министр.

 

Министрлік демалыстың алдында, 5-6 мамыр күні екі миллионға жуық адамның өтінішін рәсімдеп, банктерге 99 миллиард теңге жіберген.

 

 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 18:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30