Нарық

Төтенше жағдай кезінде жәрдемақы кімге және қалай төленеді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Төтенше жағдай кезінде жәрдемақы ақысы төленбейтін еңбек демалысына шығуға мәжбүр болған жұмыс істейтін қазақстандықтарға төленеді.

 

Бір жұмысшы үшін әлеуметтік төлемнің мөлшері 1 ең төменгі жалақыға немесе айына 42,5 мың теңгеге тең.

 

Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

 

Жәрдемақы алудың шарттары

 

* әлеуметтік төлем төтенше жағдайға байланысты жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шыққан жұмысшыларға төленеді;

* төтенше жағдай енгізілген датаға дейінгі соңғы 12 айдың кемінде үш айында жұмысшы үшін МӘСҚ-ға аударым жасалуы тиіс;

* әлеуметтік төлем тек орта, шағын және микробизнес жұмысшыларына ғана қатысты.

 

Жәрдемақы үшін қайда жүгіну керек

 

"Жаңа әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті органға жүгінуі тиіс. Өзімен бірге төтенше жағдайға байланысты жұмысшыларының табысынан айырылғанын растайтын құжаттары болуы керек", - деді Абаев.

 

Жұмыс берушілердің өтінімі негізінде халықты жұмыспен қамту жөніндегі аудандық штаб жұмыс берушіге әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды.

 

Әлеуметтік төлем жұмысшыға төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін төленеді.

 

Жұмыстан шығып қалғандар не істейді

 

Жұмыстан шығарылған қазақстандықтар жұмыстан айырылуына байланысты бір айдан алты айға дейін әлеуметтік төлем алады. Төлем соңғы 24 айдың ішіндегі табыс пен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

Жұмыссыз қалған азаматқа мемлекеттік қордан жоғалтқан табысының 40% көлемінде жәрдемақы төленеді.

 

Ол үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу үшін және жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға өтініш беру керек. Төлем автоматты түрде іске асырылады.

 

Егер азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп қойса, әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті "электронды үкімет" веб-порталы арқылы беруге болады.

 

sputnik

 

 




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2020, 22:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30