Нарық

Төтенше жағдай кезінде несие төлемі мерзімін кейінге шегеру кредит тарихына әсер ете ме

  • Төтенше жағдай кезінде несие төлемі мерзімін кейінге шегеру кредит тарихына әсер ете ме

    Төтенше жағдай кезінде несие төлемі мерзімін кейінге шегеру кредит тарихына әсер ете ме

 Төтенше жағдай режимі кезінде туындаған қиындықтарға байланысты несие төлемі мерзімін кейінге шегеру қазақстандықтардың кредит тарихына әсер ете ме?

Бұл сауалға ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдері Қаржы министрлігінің өкіліне екінші деңгейлі банктер Төтенше жағдай режимі кезінде 42 500 әлеуметтік төлем алған азаматтарға несие бермей жатқандығын айта келе: «Төтенше жағдай режимі кезінде мемлекет тарапынан көрсетілген несие төлемі мерзімін кейінге шегеру және әлеуметтік жәрдемдер қазақстандықтардың кредит тарихынан теріс әсер ете ме?», - деп сұраған еді. «Қаржы нарығын реттеу және даму агентігі қабылдаған қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленген аталған төлемдер кредит тарихының нашарлауына негіз бола алмайды», - деп жауап берді Берік Шолпанқұлов. Сонымен қатар ол дәл осы себепке байланысты банктер кредит беруден бас тартқан жағдайда азаматтардың өкілетті органдарға шағымдануға құқы бар екендігін баса айтты.

inform.kz




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.07.2020, 20:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31