Нарық

"Той кредитіне" тыйым салына ма – Досаев несие беруді шектеу мәселесін көтерді

  • "Той кредитіне" тыйым салына ма – Досаев несие беруді шектеу мәселесін көтерді

Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы тұтынушылық кредиттердің 9 проценті тойға алынатынын айтты. Бүгін сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев кредит төлей алмайтындарға қарызға ақша беруді шектеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бас банкирдің айтуынша, мәселе арнайы заң жобасында қарастырылған. Атап айтқанда, табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар үшін кепілсіз тұтынушылық кредит алуға шектеулер енгізіледі.


"Заң бар. Енді, ұлттық банк оны іске асыру аясында ішкі нормативтік актілерді қабылдайды", - деді Досаев.


Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева оңтүстіктен келген әдемі келіншекті таныстырды


Осыдан кейін спикер Дариға Назарбаева "той кредиттері" туралы сұрады. "Ал үйлену тойына алынатын кредиттерге қалай қарайсыз?", - деді спикер.


Банк төрағасының айтуынша, Қазақстанда берілген тұтынушылық кредиттердің 9 проценті – "той кредиттері".


"Оған ешкім шектеу қоймайды. Әрине, табыстың тиісті деңгейі болуы қажет. Дариға Нұрсұлтанқызы, бұл – әрбір отбасының жеке шешімі. Өкінішке қарай, бізде ондай кредиттерді ата-аналар алады, ал балалары қайтарып жатады. Сөйтіп, кредит оларға ауысып кетеді", - деп атап көрсетті Досаев.


Бас банкирдің сөзіне қарағанда, биыл халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру шараларына басымдық беріледі.


"Өйткені алған кредитті қайтару қажет. Әрине, "той кредитіне" тыйым сала алмаймыз. Дегенмен, біз осы кредиттердің саны мен көлемін реттеуді көздейміз", - дейді Досаев. 




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.07.2019, 13:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31