Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тұлға мен тұғыр

14 маусым 2011, 12:10

Егіс науқаны оңтайлы мерзімде аяқталды

Еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Асылжан МАМЫТБЕКОВ:
– Еліміз бойынша егістік науқаны толық аяқталды және ол оң­тайлы мерзімде жүзеге асты деп есептеуге болады. Ал егіс өнім­ділігі жаздағы ауа райына байланысты болмақ. Нақты сандарды атай алмасақ та, диқан қауымы жақсы табысқа қол жеткізеді деп отыр­мыз, тек ылғалды сақтай алсақ, болғаны.
Тағы бір басты мәселе – егістікті арамшөптен қорғау. Ол үшін егіс­тік жерлерді химиялық өңдеуден өткізу керек. Осыған орай біз тауар өндірушілерге егістігін химиялық өңдеуі үшін арнайы жеңіл­де­тілген несиелендіру бағдарламасын қарастырып отырмыз.


Қазақстанның мұнай-газ саласында жемқорлық жоқ

Мұнай және газ вице-министрі Ләззат ҚИЫНОВ:
– Біздің еліміздің мұнай мен газ өндіру саласында сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Өйткені жең ұшынан жалғаса отырып, мұнай-газды кен орнын оп-оңай игеріп кету мүмкін емес. Тіпті шағын деген кен орнының өзі 10 жылға дейінгі ұзақ мерзімде, 200-300 миллион доллар инвестиция салып, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп барып игеріледі. Бес жыл барлау жұмыстарына кетсе,бір-екі жыл қорларды есептеп, қажетті құжаттарды дайындауға жұмсалады. Ал кен орнының өзін игеруге дайындауға тағы да екі-үш жыл қажет. Демек, таныстықпен бір кен орнын ала салып, игеріп кету деген атымен болмайды. Сондықтан да еліміздің осы саласындағы жұмыстар таза да ашық жүріп жатыр деп толық сеніммен айта аламыз.

Бизнеске түсетін қысым кеміп отырған жоқ

«Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат ПЕРУА­ШЕВ:
– Біздің атқарушы органдардың заң жобаларын әзірлеудегі бел­сен­діліктері кәсіпкерлердің алаңдаушылығын туғызып отыр. Біздің пікірімізше, заң жобаларының бірқатары, оның ішінде мемлекеттік рет­теу мен қадағалау туралы, заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі туралы, азаматтық қорғаныс туралы заңдар, Салық кодексіне енген бірқатар түзетулер болсын, бәрі де ел Президентінің бизнеске деген әкімшілік кедергілерді азайту туралы тапсырмаларына қарсы келіп отыр. Жалған кәсіпкерлікпен күресудегі кейбір жағ­даят­тар және кәсіпорындардың есепшоттарын жауып тастау тәрізді жай­лар да кәсіпкерлер қауымын аз алаңдатып отырған жоқ.