Нарық

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека беру жүйесіне өзгеріс енгізеді

  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека беру жүйесіне өзгеріс енгізеді

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека беру жүйесіне өзгеріс енгізеді

Алдағы уақытта кредит мақұлданғаннан кейін қарыз алушыға баспана іздеуге екі ай емес, алты ай уақыт берілуі мүмкін. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жеңілдетілген ипотекамен баспана іздеу мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистер жеңілдетілген ипотеканың шарттарына қатысты сұрақ қойды.

"Бүгінде кредит мақұлданғаннан кейін қарыз алушыға баспана іздеуге екі ай ғана беріледі. Бірақ осы уақытта ипотекаға үй табу қиын. Мысалы, өңірлерде құрылыс қарқынды салынбайды. Салынған күннің өзінде жарты жылдан кейін немесе бір жылдан кейін пайдалануға берілуі мүмкін. Сол себепті екі ай аз деп жатады. Осыған қатысты қандай да бір өзгерістер бола ма?", - деп сұрады тілшілер. 

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаевтың айтуынша, бұл &ndash ереже талабы. Алайда алдағы уақытта оны өзгертуі мүмкін.

"Иә, бүгінде ереже бойынша солай болып тұр. Екі ай беріледі. Бұл &ndash банктің ішкі кредиттік комитетінің шешімі. Әрине, сіз айтқан мәселемен келісеміз. Қазіргі кезде баспана іздеу мерзімін екі айдан алты айға дейін созу мәселесі тиісті комитеттерде қаралып жатыр. Өйткені бізге де клиенттер тарапынан сұрақтар көптеп түседі. Меніңше, осы мәселе бойынша жақын арада хабар береміз", - деді Матаев.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте банк өкілі "Әйелдер ипотекасына" қатысты да ақпарат берді. Оның айтуынша, жақын арада бұл бағдарламаға қатысты мәлімдеме жасалады.




Көрілген: 2802    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 02:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31