Нарық

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» атауы өзгерді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ функциялары кеңейтіліп, «Отбасы банк» деп қайта аталады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Биыл 11 мамырда Президент тұрғын үй саясатын реформалау бойынша жаңа идеологияны енгізу туралы айтты. Жаңа тұрғын үй саясатының негізгі қағидасы – халықтың табысы мен жинақтарының болуы. Ол үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне есепке алу функциясын бере отырып, барлық азаматты тұрғын үй алуға тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету үшін әкімдіктердегі қазіргі кезек жүйесін реформалау керек және «тұрғын үйге мұқтаж» ұғымының нақты критерийлерін әзірлеу қажет. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ребрендингін жүзеге асырып, «Бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» базасында «Отбасы банк» деп қайта атау ұсынылады», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде.

 

Оның айтуынша, ұсынылып отырған реформа жұмыс істейтін әрбір азаматқа тұрғын үй сатып ала алатын тең және түсінікті жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 

Министр келтірген деректерге сәйкес, жыл басынан бері шамамен 25 мың тұрғын үй немесе 3,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Жыл басынан бері 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу және 39 мыңнан астам отбасын мемлекеттік қолдаумен қамту жоспарланған.

 




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 16:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31