Нарық

Тұрғын үйге мұқтаж адамдар кезегіне тұрудың талаптары қандай

  • Тұрғын үйге мұқтаж адамдар кезегіне тұрудың талаптары қандай

    Тұрғын үйге мұқтаж адамдар кезегіне тұрудың талаптары қандай

Алматыда «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында өткен дөңгелек үстелде мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Әуезов ауданында Найля Ордабаеваның төрағалығымен өткен іс-шараға Тұрғын үйді бөлу бөлімінің бас маманы Рита Нұрбекқызы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ маманы Шолпан Санатова, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

Рита Нұрбекқызының айтуынша, тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алу үшін бірінші кезекте Алматы қаласында үш жыл тіркеуі, меншік құқығында баспанасы болмауы қажет. «5-10-20» бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 67 және 68-баптарында көрсетілген азаматтар есепке тұра алады, бұл халықтың әлеуметтік осал топтары, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер және тағы да басқалары.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарына екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларынан бастап жетім балаларға дейінгі 11 санат жатады. Олардың қатарында зейнеткерлер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы отбасылар және т.б. бар. Төлем қабілетсіздігіне байланысты бағдарламаларға қатысуға мүмкіндігі жоқ азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне тұра алады. «5-10-20» бағдарламасына қатысу үшін бағдарламаның өз талаптары бар, әлеуметтік осал халықтан басқа зейнеткерлер де қатыса алады, бірақ кепілгерлердің (кепілгердің) болуы шарт», &ndash деді ол.

Сондай-ақ, кездесу барысында жастарға арналған бағдарламаларға қатысты сұрақтар қойылды.

«Менің қызым міне университетті бітіргеннен кейін бір жыл жұмыс істейді. Білгім келетіні, менің оған пәтер сатып алу мүмкіндігім жоқ. Біздің жағдайда не істеу керек?»,- деді аудан тұрғыны.

Бұл жағдайда Рита Нұрбекқызының айтуынша, екі бағдарлама қарастырылған: «Алматы жастары» &mdash бұл қала әкімдігі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бірлескен жобасы. Оған мегаполистің 35 жасқа дейінгі жастары қатыса алады. Сондай-ақ, пәтер мәселесін 29 жасқа дейінгі жастар үшін сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының көмегімен уақытша шешуге болады. Мемлекеттен пәтерді 5 жыл бойы жалға алуға мүмкіндік бар.

Барлық бағдарламалар қала әкімдігінің, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сайтында және тұрғын үй саясаты басқармасының сайтында жарияланады.

Өз кезегінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің спикері мәселенің қаржылық бөлігі, атап айтқанда, қарыз мөлшерлемелері бойынша, бастапқы жарна туралы, жиынтық табыс қалай есептелетіні, бағдарламаға қатысу үшін өтінішті қайда және қалай беруге болатыны туралы және басқа да көптеген мәселелер туралы айтып берді.




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

сенбі, 21.11.2020, 02:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31