Нарық

Түркіста облысындаға шіріген қырыққабатта жоюға 2 млрд доллар бөлінген бе - Әкімдік жауабы

  • https://baigenews.kz/

    https://baigenews.kz/

Естеріңізге сала кетейік, 21 мамыр күні Қазақстан Баспасөз клубының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөнінде онлайн-брифинг өткен болатын.

 

Тікелей эфирде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі кеңесшісі Ербол Есенеев, «Shopanata» ұлттық қой шаруашылығы қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев және Қазақстанның алғашқы премьер-министрі, қазір омарташылар одағының төрағасы болып отырған Сергей Терещенколар пікір білдірген еді.

 

Сергей Терещенко өз сөзінде «Төтенше жағдай кезінде бұзылып кеткен 300 мың тонна қырыққабатты көму үшін Үкімет 2 млрд теңге жұмсады» деген мәлімдеме жасаған еді. Azattyq Rýhy тілшісі экс-премьердің мәлімдемесіне қатысты материал әзірлеп, оқырманға ақпарат ұсынған болатын.

 

Бүгін Қазақстанның баспасөз клубы Сергей Терещенконың атынан кешірім сұрап, спикер тікелей эфирде валюта атауынан жаңылысқанын айтты. Дәлірек айтсақ, Үкімет 300 мың тонна қырыққабатты көму үшін 2 млрд доллар емес, 2 млрд теңге жұмсалғаны хабарланып отыр.

 

Azattyq Rýhy бұл мәселеге қатысты Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің атына ресми сауал жолдаған. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы хатымызға жедел жауап беріп, мән-жайды баяндады.

 

Әкімдіктің ресми жауабына сенсек, әлгі 300 мың тонна қырыққабат түгел бүлініп кетпеген және Үкіметтен расымен де 2 млрд теңгеге таяу қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Бірақ, ауыл шаруашылығы басқармасы ол қаражат кішкене басқа мақсатқа жұмсалмақ дейді.

 

«Түркістан облысында ағымдағы жылы 8 мың гектар жерге ерте пісетін қырыққабат дақылы егіліп, 300 мың тонна өнім жиналды. Бүгінгі таңда 150 мың тонна қырыққабат сатылды», - деп хабарлайды басқарма.

 

Басқарманың хабарлауынша, 150 мың тонна өнімнің 104 мың тоннасы ішкі нарыққа сатылса, 46 мың тонна қырыққабат Ресей, Беларусь және Қырғызстанға экспортталған.

 

«Ал, қалған 150 мың тонна қырыққабатты Қазақстан Үкіметінің тапсырмасына сәйкес республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың тұрақтандыру қорлары арқылы сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, қырыққабат еккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге екінші өнім егу үшін 0,01% несие беру мақсатында, Үкіметтік Қордан 1 600,0 млн теңге (1,6 млрд теңге – авт.) қаржы бөлу қарастырылуда», - деп хабарлап отыр Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

 

Осылайша, Бадырақов тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш премьер-министр болған Сергей Терещенконың «Түркістан облысында бұзылып кеттен 300, мың тонна қырыққабатты көму үшін үкімет 2 млрд АҚШ долларын жұмсады» деген мәлімдемесі жалған екендігін және ҚР Үкіметі тарапынан қаржы бөлінбегендігін» хабарлады.

 

Естеріңізге сала кетейік, 28 сәуірде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аймақ шаруалары 250 мың тонна орамжапырақты өткізе алмай отырғанын айтып, көмек сұраған.

 

azattyq-ruhy.kz

 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 18:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31