Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістан облысында 174 ауыл әкімі жайылымдық жер тапшылығын қолдан жасаған

22 маусым 2023, 11:39

Түркістан облысында 174 ауыл әкімі жайылымдық жер тапшылығын қолдан жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Түркістан облысының прокуратурасы "Қолжетімді жайылым" жобасының аясында 174 ауыл әкімін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 миллион теңгеге әкімшілік жауаптылыққа тартты.

Ведомство мәліметінше, әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді "жақсарту" мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған. 

Нәтижесінде бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару Жобасын түзу және бекіту барысында қолданған. 

Қазір бұл статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 миллион гектардан 652 мың гектарға дейін төмендеген.

Бұдан басқа, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұрын бекітілген мағыналас Жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы тектес кемшіліктерді алдын алу мақсатында стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша агенттігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныс жолданды.