Нарық

Түркістан облысында фермер жүзімнен жылына 150 млн теңге табыс табады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы шаруа қожалық жүзімнен жылына 150 млн теңге табыс тауып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, Жылысу ауылдық округінде орналасқан «Ер-Те Агро» ЖШС 33 гектар аумаққа жүзімнің 9 сортын еккен. Атап айтқанда, Ливия, Аркадия, Кодрянка, Велес және Сәулелі кишмиш, Анюта, Байқоңыр, Женеев, Преображение сынды түрлері бар.

 

Серіктестік иесі Сұлтан Жолдасбаевтың айтуынша, биыл жүзімнің әр гектарынан 20 тонна өнім жиналған. Сатылу бағасы – 300-400 теңге аралығында. Шығындарды есептегенде серіктестік жылына орта есеппен 150 млн теңге таза табыс тауып отыр.

 

 

2012 жылы бой көтерген жүзім бағы 4 жылда өз шығынын ақтаған. Маусымдық кезде 20 адам жұмыспен қамтылады. Өнім негізінен Қазақстан аумағында сатылады.

 

 

Серіктестік өнімге сұраныс артқан жағдайда жүзім аумағын ұлғайтуды көздеп отыр. Жалпы Жетісай ауданы бойынша 1183 гектар аумаққа жеміс жидек және жүзім дақылдары егілген. Оның ішінде қарқынды бау 255 гектарды құрайды. Қарқынды бауларда жүзім мен алманың италиялық, беларусиялық, украиналық сорттары егілген.

 

 

 




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 09:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30