Нарық

Түркістанда заңды тұлғалар үшін ХҚО ашылды

  • Түркістанда заңды тұлғалар үшін ХҚО ашылды

    Түркістанда заңды тұлғалар үшін ХҚО ашылды

Түркістан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен 4 мамырдан бастап Түркістан қаласында заңды түлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай ХҚО Алматы, Павлодар мен Петропавл қалаларында өз жұмысын бастаған, таяу уақытта төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық штабтардың шешімімен заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін Қазақстанның өзге қалаларында да ХҚО ашылатын болады.
Құжаттарды қабылдау тек алдын ала кезек брондау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, ХҚО-лар тек бизнеске қызмет көрсету үшін ғана жұмыс істейді. Облыс тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн жолмен ала береді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 87%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, Facebook және Vk әлеуметтік желілерінің чаттары арқылы алуға болатындығын еске саламыз.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді көрсету үшін кәсіпкерлерге құжаттарының толық пакетін ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимін сақтауды сұрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлері бетперде мен қолғаптарда жұмыс істейтін болады.
Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ХҚО мекенжайы: Түркістан қ., 160 кв, 236 құрылыс. Жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9:00-17:00 аралығы.


«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі 




Көрілген: 339    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 11:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30