Нарық

Түркістанға салынған қаражаттың 77%-ы – жеке инвестициялар

  • Түркістанға салынған қаражаттың 77%-ы – жеке инвестициялар

    Түркістанға салынған қаражаттың 77%-ы – жеке инвестициялар

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында қандай нысандар салынатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түркістан қаласын әрі қарай дамуының 2-кезеңіне келсек, Түркістан 4 аумақта дамитын болады. Бірінші – әуежай аумағында 12 жоба іске асырылады. Оның ішінде, қонақ үйлер, әуежайға қызмет етеін арнайы нысандар, 400 га қара өрік бағы, 50 га жерге жылыжай, ірі қара бордақылау кешені, 1 200 малға тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады», - деді Ө. Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Екінші аумақ – әкімшілік-іскерлік орталығы, мұнда 57 жобаны салу жоспарлануда. Атап айтқанда іскерлік аймақта 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беріледі. Денсаулық сақтау, спорт, мәдениет нысандары іске қосылады. «Үшінші аумақ – Б. Саттарханов даңғылында спорт кешені, Яссы желілік саябағы және 182 га университеттің ботаникалық бағы салынады. Ал төртінші аумақ – Мәдени-рухани орталық деп аталады. Бұл жерде де Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, Керуен сарай тұрғын үй кешені, Аманат коттеджі қалашығы, Medina Palace қонақ үйі, Қылует мәдени-рухани орталығы салынады», - деді әкім. Жалпы Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн теңге болса, оның 1 трлн теңгесі немесе 77%-ы жеке инвестициялар болған. «Жаңа кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн теңгеге жетеді деген болжам бар», - дейді Ө. Шөкеев.

ҚазАқпарат




Көрілген: 803    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 15:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31