Үкімет әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарауы мүмкін

30 мамыр 2022, 18:16

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәселе әлеуметтік кодекс аясында сараланатынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Елде 2 млн-нан аса адам зейнет жасында. Экономист Сапарбай Жобаевтың айтуынша, елдегі әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 67-77 жыл болса, еркектер 67-68 жыл жасайды. Ал 1998 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан азаматтар зейнетақы шотын  өздері толтыруы тиіс.

 

Есептей келе олардың көп қаржы жинай алмайтыны белгілі болды. Қорды толтыруға мүмкіндік ретінде зейнет жасын ұзарту қажет болған.

 

Сапарбай Жобаев биылғы бюджет 18 трлн теңге дейді. Оның 4-5 трлн-ы ұлттық қордың ақшасы. Міне, осы қазынаның 2-3 трлн теңгесі зейнетақыға жұмсалады.

 

Сарапшы «әйелдердің зейнет жасын ұлғайтпаған кезде қазіргі шығын 4 трлн теңгеден асып кетер еді»,- дейді.

 

Сапарбай Жобаев, экономист:

 

– Жасты бұрынғыдай 58-ге қайтаратын болсақ, бүгінгі күнде Қазақстандағы ең кіші кепілдендірілген 19 мыңдық зейнетақы алып жатқан адамдар бар. Олардікін біз не 15 мыңға түсіруіміз керек пе? Олардікін еш болмаса, минималды себетке, 36 мыңға көтеру мақсатын көтеріп жатырмыз. 36 мыңға көтеретін болсақ, ұлттық қордан бүгінгі күндегідей 4-5 трлн, 6-7 трлн алып, ұлттық қордағы ақшаны 5-6 жылда ада қылуымыз керек. Осыған шешім қабылдайсыздар ма? Осы мәселені өте үлкен, асықпастан шешуіміз керек.