Нарық

Үкімет басшысы: «Мұндай зауыттарды көбейту керек»

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Былтыр ғана ашылған газ өңдеу зауыты Ақтөбе облысының экологиясын жақсартуға елеулі үлес қоса бастады


Ақтөбе облысына жұмыс сапарының шеңберінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қожасай» кен орнынан түсетін ілеспе мұнай-газын өңдейтін іргелі зауытқа барды. Бұл инновациялық кәсіпорынның жұмыс істеп жатқанына бір жыл толмаса да, қазірдің өзінде өңірдегі экологиялық жағдайды айтарлықтай түзете бастады.

Газ өңдеу зауытын салу жобасы «Gas Processing Company» компаниясы бөлген инвестициялық қаражатқа іске асырылған болатын. Кәсіпорын 2018 жылғы желтоқсанда пайдалануға енгізілді.





Премьер өндірістің технологиялық жарақталуына және цифрлық шешімдердің қолданылуына баса назар аудара отырып, зауыттың жұмысымен танысып шықты.

Кәсіпорынның қуаты жылына 400 млн м3 тауарлық газды құрайды. Тазартылған газ, конденсат пен түйіршіктелген күкірт ішкі нарыққа жеткізіліп қана қоймай, жақын және алыс шетелге де экспортталады.



Компания өкілдері атап өткендей, кәсіпорынның жұмысы шикізат базасын ұтымды пайдалануға, ілеспе мұнай-газын өңдеуді ұлғайтуға және ауаға зиянды заттардың шығарылуын тоқтатуға мүмкіндік берді. Зауыттың іркіліссіз жұмысын лайықты еңбекақы алатын қазақстандық жоғары білікті мамандар қамтамасыз ететін атап өткен маңызды.

Асқар Маминнің айтуы бойынша, дәл осындай инновациялық кәсіпорындарды бүкіл Қазақстан бойынша көбейту қажет. «Экономика газ түрінде қосымша ресурс алатын, ал экология – жақсаратын» болады, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Кәсіпорынның бірегейлігі - зиянды қалдықтарды ауаға мейлінше аз шығаратындығы және тиімділігі жоғары технологиялар арқылы газды толықтай өңдейтіндігінде.

Облыстың экономикалық әл-ауқатына қосылып жатқан маңызды үлес туралы сандар сқйлейді: 7 жыл ішінде кәсіпорын өңірлік және республикалық бюджетті 10 млрд. теңгеден астам сомаға салықтық түсімдермен толықтырады.

Бұдан басқа, «Қожасай» зауыты - бұл Қазақстандағы жүз пайыз жеке инвестицияға салынған алғашқы кәсіпорын, ның көлемі - 42 млрд теңге.


 


 


 




Көрілген: 880    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.08.2019, 11:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30