Нарық

Үкімет дағдарысқа ұшыраған сауда-саттықты қалай ретке келтіреді?

  • Үкімет дағдарысқа ұшыраған сауда-саттықты қалай ретке келтіреді?

    Үкімет дағдарысқа ұшыраған сауда-саттықты қалай ретке келтіреді?

 Үкімет дағдарысқа ұшыраған сауда-саттықты қалай ретке келтіреді? Қазақстанда азық-түлік бағасы тоқтаусыз өсіп жатыр. Әсіресе көкөністер мен жеміс-жидектер едәуір қымбаттапты. Сонымен бірге жеке тауарлар мен дәрі-дәрмектер бағасы да айтарлықтай шарықтаған. Шенеуніктер бұны сұраныстың артуы мен доллардың өсуімен байланыстырады. Ал экономистер бұл қымбатшылықпен қатар, тапшылыққа тап болатынымызды жасырмайды.

Коронавирустың кесірінен дағдарысқа ұшыраған сауда-саттықты Үкімет қалай ретке келтіруі тиіс? Соңғы екі айда елімізде азық-түлік бағасының күрт өсіп, 2017 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. Мәселен, жеміс-жидектер мен көкөністер 5,6, қант 6,2 және түрлі жармалар 3,4 пайызға қымбаттаған. Карантинде үйде отырған жұрттың ішіп-жеуі көбейген, сәйкесінше, сұраныс та артыпты.

Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы: - Сауда әріптестері елдерінде карантин шараларының енгізілуі нәтижесінде шектелген импортқа байланысты ұсыныстың жеткіліксіз болуы жағдайында азық-түлік тауарлары бағасының бір айдағы өсуі 1,9% құрады, жылдық өсу 10,4%-ке дейін жылдамдады, бұл 2017 жылдан бастап ең жоғары көрсеткіш. Ал сұраныстың артуынан Қазақстандағы жылдық инфляция қарқыны сәуірде 6,8% деңгейіне жетті. Иә,Қазақстан импортқа тәуелді. Азық-түліктен бөлек, өндіріске керек шикізат, киім-кешек те, халық тұтынатын басқа тауарлар да, дәрі-дәрмектердің кейбірі шетелден келеді. Әсіресе Қытайдан әкелеріміз көп. Доллар бағасы өсті, шекаралар жабық. Сондықтан, тауар бағасы да шарықтап жатыр. Қаңтардан бастап сауда саласы айтарлықтай құлдыраған.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі: - Республикалық ішкі сауда құрылымында тек Алматы қаласының үлесі 40 пайызды құрайды. Карантиндік режим, қазақ-қытай шекарасының жабылуы, оның ішінде «Қорғастағы» сауда қатынасының тоқтауынан қаңтар-сәуір аралығындағы көрсеткіш күрт төмендеді. Одан бөлек, теңгенің құнсыздануы импорттық тауарлардың сұранысын төмендетті. Елордалық тұрғын Аңғар Бисембиннің кішкентай ғана телефонға қажетті құрал-жабдық сататын сауда орны бар. Кеше ғана жұмысын бастаған оның саудасы қызу. Әзірге тауарларының бағасын қымбаттатпапты. Бірақ алдағы уақытта 10-20 пайызға өсіруі мүмкін.

Аңғар Бисембин, саудагер: - Қытай егер тауарды қосатын болса, тауар бағасын өсіретін болса, біз де соған сәйкес, өсіреміз. Егер 10-20 пайыз өсірді ме, біз де солай 10-20 пайыз қосамыз. Карантиннен кейін ондай бір баға өсіп кеткен жоқ. Ал экономистер пікірінше, елдің жағдайы мүшкіл. Бағаның қымбаттауы былай тұрсын, нағыз тапшылық күтіп тұр екен. Ел билігі көтерме сауда орындарды салуға ақша бөлмей, қолда бар алтынның қадірін білу керек деген пікірде.

Азаматхан Әміртаев, экономист: - Мемлекеттік бюджеттен ақша бөліп, дотация жасаса, мүмкін бағаны ұстауға болады. Ал ондай қаражат бюджетте жоқ. Біздің мемлекет бұндай жағдайға дайын емес екенін көрсетті. Экономикамыз әлсіз екенін көрсетті. Көтерме арнайы орындар салуға 550 млн теңге бөлгелі жатыр. Не қылады оны бөліп? Ғимараттар бар, соларды жасасын. Экономика салаларын қалпына келтіруге министрлер кабинеті қызмет көрсету саласын жандандырмақ. Оның ішінде салықты ынталандыру, жеңілдетілген несие, отандық тауарды өткізуге кепілдік беру, механизм арқылы ішкі өндірісті қолдау жұмыстары бар. Жұмыспен қамтып, халықтың табысын арттыру бойынша да жоспар әзір екен. Ал сауда саласын дағдарыстан шығаруға Үкімет сауда үйлерін қайта ашу жеткіліксіз екенін мойындайды. Сондықтан қиындықтан шығудың басқа да жолдарын қарастырып жатыр. Соның бірі экономистер қарсы болған көтерме тарату орталықтарын салуды жылдамдату. Ал азық-түліктің бағасын тұрақтандыру атқарушы биліктің күн тәртібінде ең бірінші мәселе болып қала бермек.

ktk.kz




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 00:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30