Нарық

Үкімет халықтың кредитін өтейді: қарыз алушы не істеуі керек?

  • Үкімет халықтың кредитін өтейді: қарыз алушы не істеуі керек?

    Үкімет халықтың кредитін өтейді: қарыз алушы не істеуі керек?

Тұрмысы төмен азаматтардың 300 мың теңге мөлшеріндегі қарызы тамыз айының соңына дейін өтеледі. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Досаев қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту үшін үкімет пен ұлттық банк екінші деңгейлі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп, екі бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.


"Біріншісі – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша 300 мың теңгеге дейінгі берешекті өтеу. Азаматтардың тізімдері бойынша берешек туралы ақпарат жиналды. Қарызы өтелетіндердің тізімі жасалды. Берешекті өтеу тамыздың соңына дейін аяқталады", - деді Досаев.


Оның айтуынша, кредиті өтелетін қазақстандықтар банктер мен микроқаржы ұйымдарына өтініш жазбайды. Берешекті өтеу жұмысын кредиторлар дербес жүргізеді. Содан кейін кредиторлар әрбір қарыз алушыға тиісті хабарлама жібереді.


"Екінші бағыт – барша қазақстандықтың кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша 2019 жылғы 1 шілдеде есептелген айыппұлы мен өсімпұлын есептен шығару. 30 шілдеде банктер мен микроқаржы ұйымдары 33 миллиард 600 миллион теңгеге 1 миллион 200 мың азаматтың айыппұлы мен өсімпұлын кешірді", - деді Досаев.


Ол 20 тамызға дейін ұлттық банк банктер жұмсаған шығынның 30 процентін өтейтінін атап өтті.


Тоқаевтың жарлығы


Осы жылдың маусымында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойған еді. Мұндай жеңілдік көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.


Мемлекет есебінен әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтардың 300 мың теңге мөлшеріндегі барлық қарызы өтеледі. Бұл қарызға негізгі борыш, сыйақы, айыппұлдар да кіреді.


2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бір қарыз алушыға кредиттің жалпы көлемі 3 миллион теңгеден аспауы тиіс.




Көрілген: 1039    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.08.2019, 12:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31