Нарық

Үкімет келесі жылы мұнайдан түсетін табысқа иек артпайды – вице-премьер

  • © Sputnik / Борис Бабанов

    © Sputnik / Борис Бабанов

Қазақстан үкіметі болашақта мұнайдан түсетін табысқа иек артпай, шикізаттық емес секторда салық түсімін ұлғайтуға ден қояды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik тілшісі.

 

Ол жыл соңына дейін республикалық бюджетте мұнай бағасы барреліне 20 доллар шамасында белгіленгенін атап өтті.

 

"Осыған байланысты біз мұнай секторынан қандай да бір түсімдерді жоспарлап отырған жоқпыз. Келесі жылы да мұнай бағасы осы мөлшерден сәл ғана жоғары болады деп күтіп отырмыз. Тиісінше үкімет келесі жылы мұнай табысына иек артпайды, оның орнына шикізаттық емес секторда мұнай базасын ұлғайту бағытында жұмыс істейді", - деді Смайылов үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.

 

Айтуынша, қазір үкімет алдағы үш жылда бюджеттің табысын арттырып, шығындарды азайту үшін жұмыс істеп жатыр.

 

Смайылов 2023 жылға қарай мұнай емес тапшылықты екі есеге, ЖІӨ-нің 5,3%-не дейін төмендету жоспарда бар екенін айтты.

 

Биыл коронавирусқа байланысты сәуір айында республикалық бюджетке түзетулер енгізілген еді.

 

"Ол, негізінен, жұмыспен қамтуды, халықтың табысын арттыруды, сонымен қатар бизнеске қолдау көрсету үшін қайта қаралды", - деді қаржы министрі.

 

Республикалық бюджетке бұдан кейін де түзетулер енгізіп-енгізбеуді қаржы министрлігі бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша анықтайды.

 




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 19:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31