Нарық

Үкімет Қытайдың қарызынан бас тартты: LRT құрылысына ақша қайдан алынады

  • Үкімет Қытайдың қарызынан бас тартты: LRT құрылысына ақша қайдан алынады

    Үкімет Қытайдың қарызынан бас тартты: LRT құрылысына ақша қайдан алынады

Елорда әкімі LRT құрылысына қажетті 600 миллион долларды қайдан тартатынын айтты. Елордадағы жеңіл рельсті көлік құрылысын аяқтауға қажет қаражатты "Халық банк" беретін болды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Халық банкпен 3% мөлшерлемемен 500 миллион доллар және "Бәйтерек" холдингімен тағы 100 миллион доллар қарыз туралы келістік. Жұмысты биыл бастау үшін бұл жеткілікті. Жақын арада облигациялар шығарылады", - деді Көлгінов үкімет кулуарында.


Ол үкіметтің Қытайдың қарызынан бас тартып, осы арқылы 800 миллион доллар үнемдегенін еске салды.


"LRT бойынша барлық нормативті-құқықтық актілер үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазір екінші деңгейлі банктермен жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді елорда әкімі.


Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана LRT жобасын сынға алған болатын. Президенттің айтуынша, жоба тиімсіз болса, оған үнемі субсидия бөліп, бюджет қаржысын жұмсауға тура келеді.


Бастапқыда LRT жобасының құны 1,8 миллиар доллар болған еді. Қытайдың даму банкінен қарыз алған жағдайда, үкімет 2,6 миллиард доллар қайтаруы тиіс болатын. Алайда мемлекет шетелдік қарыздан бас тартты. 




Көрілген: 828    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.08.2019, 15:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31