Нарық

Үкімет мұнайдың бағасы 25 долларға түскен жағдайда не болатынын айтты

  • Үкімет мұнайдың бағасы 25 долларға түскен жағдайда не болатынын айтты

    Үкімет мұнайдың бағасы 25 долларға түскен жағдайда не болатынын айтты

Үкімет 100 пайыз жұмыспен қамту және өндіріс көлемін сақтау бойынша қажетті шараларды жүзеге асырып жатыр, деді министр

Үкімет мұнайдың бағасы 25 долларға түссе де, осы саладағы жұмыс орындарының сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, қазіргі кезде отандық мұнай-газ саласында 1 355 компания жұмыс істейді. Осы кәсіпорындарда 200 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр.

"Тіпті, мұнай баррелінің құны 25 доллар болса, бұл компаниялар ағымдағы шығындарын жауып, қызметкерлерін жұмыспен толық қамтамасыз ете алады. Яғни, мемлекет табыс табуға емес, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр", - деді Абаев бүгінгі брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, тау-кен және өңдеу өндірісінде 700 мың адам жұмыс істейді.

"Үкімет 100 пайыз жұмыспен қамту және өндіріс көлемін сақтау бойынша қажетті шараларды жасауда", - деп атап көрсетті Абаев. 




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2020, 01:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30