Нарық

Үлескерлердің «Восточка» тұрғын үй кешені 2020 жылдың жазында пайдалануға беріледі

  • Үлескерлердің «Восточка» тұрғын үй кешені 2020 жылдың жазында пайдалануға беріледі

    Үлескерлердің «Восточка» тұрғын үй кешені 2020 жылдың жазында пайдалануға беріледі

Алматыдағы «Восточка» тұрғын үй кешенінің үлескерлері 2020 жылдың жазында өз пәтерлеріне кіреді. Бұл туралы тұрғындармен кездескен кезде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығы мәлім етті, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі.


Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» құрылыс компаниясының сатып алушылар алдында міндеттемесі болмаса да, ол үлескерлердің проблемалық 16 үйінің құрылысын аяқтау үшін 7,1 млрд теңге көлемінде қаржы тартатын болады. бұл мәселені шешуге араласып, мәлімдеме берді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың айтуынша, кешенді қазір жаңа құрылыс компаниясы салып жатыр. Бірақ, сатып алушылар үшін шарттар мен баға бұрынғы қалпында қалады.


«Біз Алматы қаласының әкімдігімен және құрылыс салушымен меморандумға қол қойдық. Желтоқсан айының ортасына дейін қаржыландыру көздерін ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Жаңа шарттарға сәйкес, кесте құрдық және 9 ай ішінде құрылысты толығымен аяқтаймыз. Нысандар кезең-кезеңімен салынады, атап айтсақ, 5 ай ішінде 4 үй, тағы 7 ай ішінде 7 үй, 9 айда қалған 3 үйді тұрғызамыз. Яғни, үйлердің басым бөлігі мамыр айында, маусым-шілде айларында пайдалануға беріледі», - дейді Арман Жетпісбай. Оның айтуынша, бұл мәселені шешілді деуге әбден болады, ал, құрылыс жұмыстары желтоқсан айының ортасында басталып кетеді.


Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың қыркүйегінде инвестор «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен құрылыс салушы «Baur Development Group» ЖШС арасында Алматыдағы «Восточка» Тұрғын үй кешенін салуға қажетті инвестиция құю туралы шарт жасалған болатын.


Алайда, құрылыс салушы шарттағы өз міндеттемелерін уақытылы орындамай, үй жоспарға сәйкес, биыл тапсырылмай қалады деген қауіп туды. Сондықтан, келісімшарт бұзылып, 2019 жылдың 17 шілдесінде «Samruk-Kazyna Construction» Акционерлік қоғамы «Berkut Development» ЖШС-мен құрылысты аяқтау туралы шартқа қол қойды. Бас-аяғы 16 үйде 1008 пәтер бар, оның ішінде алдын ала сату шарттары бойынша қазір 477 пәтер сатылған.


Berkut Development директоры Мадияр Бухтарбаевтың айтуынша, оның компаниясы 16 үйдің сырты мен ішін, айналасын абаттандыру жұмыстарын толық аяқтап береді. Ал, қала әкімдігі тұрғын үй кешеніне электр жарығы мен су, кәріз құбырларын тартады.


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 09:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31