Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасына қатысты тың мәлімет жариялады

15 желтоқсан 2022, 15:21

«7-20-25» бағдарламасы 2029 жылға дейін созылуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. . Бұл туралы Halyq Uni тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Қазір Ұлттық банк қаржыландыру мәселесін талқылап жатыр.

 

«Президент сайлауалды тұғырнамасын іске асыру аясында «7-20-25» бағдарламасын 2029 жылға дейін жалғастыруды тапсырды. Ұлттық банк үкіметпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жекелеген, оның ішінде қаржыландыру мәселелеріне байланысты параметрлерді талқылап жатыр», - деп хабарлады Ұлттық банк.

 

Талқылау аяқталған соң қабылданған шешім жарияланады.

 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк бағдарламаның нақты аяқталу мерзімі белгіленбегенін хабарлады. Бағдарлама шарты бойынша халыққа несие беру бойынша бөлінген қаражат толық игерілгенге дейін жалғасады.