Нарық

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Жаһандық инфляциялық қысым азық-түлік өнімдері, шикізат, металдар мен автомобильдер бағасының қымбаттауына ықпал етуде.  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,50% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz бас банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

«Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,50% , ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,50% болады», – деп жазылған хабарламада. 

 

Шешім жаһандық сұраныстың қалпына келуі шығару мүмкіндіктерінен жоғары болған кездегі азық-түлік пен шикізат бағасының жалпы әлемдік инфляциялық өсу үрдістеріне негізделген. Нәтижесінде жылдық инфляция 8,7%-ға дейін жеделдеді. 

 

«COVID-19-дың қайта өршуі әлемдегі іскерлік белсенділікті бәсеңдетіп, проинфляциялық процестерді күшейте отырып, жаһандық жеткізілім мәселелерін ушықтырды. ХВҚ болжамдары бойынша, биылғы жылы вакцинация мен ынталандыру шаралары аясында әлемдік экономика бірте-бірте 2022 жылы баяулай отырып, тез қалпына келуін көрсетеді. Қазақстанның сауда серіктестері болып табылатын елдер экономикаларының өсуі бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары ЕО және Ресей бойынша жақсарды, ал Қытай бойынша аздап төмендеді»,  – деп жазылған хабарламада. 

 

Жаһандық инфляциялық қысым азық-түлік өнімдеріне, шикізатқа, металдар мен автомобильдерге бағаның қымбаттауы аясында жоғары деңгейде қалуын жалғастыруда. Бұған – 2021 жылғы тамызда ФАО азық-түлік бағалары индексінің жылдық көрсетуде 32,9%-ға өсуі дәлел.

 

Осының аясында бүкіл әлем бойынша өндірушілер жеткізілімдер мен логистика, шикізат және дайын өнім бағаларының жоғары екендігін хабарлаған.  Мәселен, Baltic Dry Index құрғақ жүкті тасымалдау құнының индексіне сәйкес контейнерді жөнелту құны 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,4 есе, 2020 жылғы мамырмен салыстырғанда – 7,4 есе өскенін мәлім еткен.

 

Осыған сәйке елдердегі инфляцияның жалпы деңгейі монетарлық биліктің нысаналы бағдарынан асып, өсуді жалғастыруда.

 

Ал, АҚШ-та 2021 жылғы шілдеде инфляция 13 жыл ішіндегі ең жоғары мәнге – 5,4%-ға, Еуроаймақта – 2021 жылғы тамызда 10 жыл ішіндегі ең жоғары деңгейге 3%-ға, Ресейде – 2021 жылғы тамызда 5 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке – 6,7%-ға жетті. 

 

«Осыған байланысты әлемнің ірі реттеушілері активтерді сатып алу бағдарламасын ертерек тоқтататынын мәлімдеп отыр, ал дамушы елдер монетарлық талаптарды күшейту циклына кірісті. Бұл ретте, АҚШ ФРЖ мен ЕОБ тарапынан монетарлық ынталандыруларды қысқарту қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың өсуіне алып келуі мүмкін. Нәтижесінде тамызда 11,4%-ға жеткен азық-түлік инфляциясы баға өсуінің негізгі қозғаушы күші болып қала береді. 2021 жылғы сәуірден бастап инфляцияның орташа айлық мәні соңғы 20 жылдағы орташа көрсеткіштен асып түседі, бұл жаз айларына тән емес. Жылдық азық-түлік инфляциясының қазіргі жеделдеуіне көкөністер (26,1%-ға), атап айтқанда ұзақ сақталатын көкөністер бағасының күрт өсуі (картоп – 29,7%-ға, сәбіз – 68,2%-ға, қызылша – 124,0%-ға) елеулі үлес қосты», – деп жазылған хабарламада.

 

 

 

 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 17:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31