Нарық

Ұлттық банк базалық ставканы өсірді

  • Ұлттық банк базалық ставканы өсірді

    Ұлттық банк базалық ставканы өсірді

Банк төрағасы ұлттық банк әлемдік экономикадағы және халықаралық нарықтағы жағдайдың дамуын мұқият бақылап, қосымша шаралар қабылдауға дайын екенін айтты

Ұлттық банк 10 наурыздан бастап базалық ставканы 12%-ке дейін өсірді. Бұл туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Досаев сыртқы сектордың қатерінен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар теңгенің айырбас бағамын қорғау қажеттігін атап өтті.

"Сол себепті ұлттық банк өз мандаты аясында кезектен тыс отырыста 10 наурыздан бастап +/- 1,5 проценттік пункт дәлізімен базалық ставканы 12%-ке дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Базалық ставканы арттыру макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтауға, сыртқы нарықтың ішкі баға мен долларландыру деңгейіне теріс әсерінің алдын алуға мүмкіндік береді", - деді ол үкімет отырысында.


Ол энергия тасымалдаушыларының әлемдік нарықтағы баға соғысы мен коронавирус әлемдік экономикаға теріс ықпал етіп отырғанын атап өтті.

"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы егер теріс ықпал ұзаққа созылып кетсе, 2020 жылы әлемдік ЖІӨ өсімінің қарқыны 1,5% дейін төмендейді деп болжап отыр. Бұл жағдайда қазақстандық экспортқа сұраныстың төмендеу тәуекелі артады. Бұл теңгенің айырбас бағамы мен инфляцияның жеделдеуіне әсер етуі мүмкін", деді Досаев.

Тағы оқыңыз: Үкімет пен Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Ұлттық банк әлемдік экономикадағы және халықаралық нарықтағы жағдайдың дамуын мұқият бақылауда және қажет болған жағдайда Қазақстанның қаржы нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын, деп түйіндеді банк төрағасы.




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30