Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұлттық банк бұрын шығарылған 20 мың теңгелік банкноттар әлі қабылданатынын айтты

30 қыркүйек 2022, 16:16

30 қыркүйекте Қазақстанның Ұлттық банкі номиналы 20 мың теңгелік жаңа банкнот шығарылғанын мәлімдеді. Ұлттық банктің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне ескі банкноттар қабылданатынын айтты.

 

Ұлттық банк бұрын шығарылған 20 мың теңгелік банкноттардың барлығы (2015 және 2021 жылдары шығарылған) жаңа үлгідегі банкноттармен бірге айналымда қалғанын атап өтті.

 

- Олардың бәрін төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдауға, сондай-ақ банк шоттарына есептеуге және еліміздің барлық банктерінде аударуға, майдалауға және айырбастауға міндетті, – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

2022 жылғы 1 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі номиналы 20 мың теңгелік банкнотты айналымға шығарады. Ұлттық банк жаңа банкнот айналымдағы банкноттармен бірдей стильде жасалғанын атап өтті.