Нарық

Ұлттық банк желіде таралған ақпарат авторларын анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Депозиттердің әкетілуі, банктердің ақша беруден бас тартуы, банктердің бөлімшелерінде валютаның жетіспеуі» жөнінде желіде таралған хабарлар дәйексіз және арандатушылық ақпарат. ҚР Ұлттық банкі осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ WhatsApp және басқа мессенджерлер арқылы хабар жіберу жолымен депозиттердің әкетілуі, банктердің ақша беруден бас тартуы, банктердің бөлімшелерінде валютаның жетіспеуі туралы дәйексіз және арандатушылық ақпарат таратылуда. Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі барлық банктерде қажетті валюта қорлары бар екендігін, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары жоспарланған режимде банктерді қолма-қол ұлттық және шетел валютасымен қамтамасыз етіп жатқандығын хабарлайды. Депозиттік база тұрақты, банктердің клиенттеріне қызметтер толық көлемде көрсетілуде», делінген хабарламада.


ҚР Ұлттық банкі жалған ақпаратты таратушыларды және оның авторларын анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінген.


 




Көрілген: 753    Пікірлер: 0

жұма, 07.06.2019, 16:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30