Нарық

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша болғанын мәлімдеді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 миллиард долларға тең. Оның 80 проценті жекеменшік ұйымдарға тиесілі. Сол себепті сыртқы борыш бюджет немесе халықтың ақшасы есебінен төленбейді. Бұл туралы Ұлттық банктің төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Ұлттық банктің ақпаратынша, 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 миллиард АҚШ долларын (немесе ЖІӨ-ге шаққанда 90,7%) құрады.

 

"Бұл ақша бюджеттің немесе халықтың қаржысы есебінен төленбейді. Өйткені сыртқы қарыздың шамамен 80%-і мемлекет те, қарапайым азаматтар да жауап бермейтін жеке ұйымдардың міндеттемелеріне тиесілі", &ndash деп түсіндірді Өскенбаев.

 

Айтуынша, мемлекеттік сыртқы қарыз ел борышының бар жоғы 8,2%-іне немесе 13,2 миллиард АҚШ долларына, ал квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы &ndash 12,5% немесе 20,1 миллиард АҚШ долларына тең. Бұл жалпы алғанда ЖІӨ-ге шаққанда 18,8%-ті құрайды және халықаралық тәжірибеге сәйкес қауіпсіз деңгейге жатады.

 

Ұлттық банктің мәліметінше, елдің сыртқы қарызының құрылымында ең көп үлесті жеке сектордың фирмааралық берешегі алып отыр. Бұл 101,3 миллиард АҚШ доллары немесе 62,9%. Оның басым бөлігі шетелдіктердің қатысы бар үш ірі жоба &ndash Қашаған, ТШО және Қарашығанаққа тиесілі.

 

"Мұндай жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвесторлар Қазақстанда тіркелген өз тобының компанияларын қаржыландырады. Халықаралық әдіснамаға сәйкес, осындай инвестициялар да елдің сыртқы қарызы болып саналады. Халықаралық тәжірибеде сыртқы қарыз көрсеткіштерін талдау кезінде фирмааралық берешекті алып тастау қабылданған, себебі ол тәуекелі ең аз борыш болып есептеледі. Өйткені үлестес кредиторлар қарыз алушылардың табысты қызметінің жалғасуына мүдделі және көбіне, бұл міндеттемелер шартты болып келеді", &ndash деді департамент директоры.

 

Үкімет пен Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызына тұрақты түрде мониторинг жасап, бақылап отырады.

 

Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасы және Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында елдің борыш тұрақтылығын анықтайтын индикаторлар белгіленген:

 

* мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштың (сыртқы және ішкі) арақатынасы &ndash ЖІӨ-нің 60%-нен аспауы тиіс (2020 жылдың 1 қазанында 46,5%);

 

* елдің сыртқы борышының арақатынасы &ndash ЖІӨ-нің 100%-нен аспауы керек (2020 жылдың 1 қазанында 90,7%);

 

* үкімет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарызы &ndash Ұлттық қордағы валюталық активтердің жалпы мөлшерінен аспауы тиіс (2020 жылдың 1 қазанында 59,1%).

 

Сыртқы қарыз міндетті түрде экономикаға және ел халқына артылатын жүктеме емес екенін есте ұстаған жөн. Сыртқы міндеттемелер &ndash инвестициялардың қосымша көзі. Сырттан қаржы тарту жаңа технологиялар ағынын қамтамасыз етеді, жаңа жұмыс орындары пайда болады, тікелей салық түсімдерін қамтамасыз етеді, әлемдік өндірістік тізбектерге интеграциялануға және өткізу нарықтарын кеңейтуге септігін тигізеді, деп түйіндеді банктен.

 

 

 




Көрілген: 3000    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.02.2021, 14:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30