Нарық

Ұлттық банк өкілдері Қазақстанның сыртқы қарызын атады

  • Ұлттық банк өкілдері Қазақстанның сыртқы қарызын атады

    Ұлттық банк өкілдері Қазақстанның сыртқы қарызын атады

2018 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 2,5 миллиард долларға қысқарып, 47,2 миллиард доллар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстанның таза сыртқы борышы 2018 жылғы 4-тоқсанда 560,5 миллион долларға азайып, 47,2 миллиард доллар болды. Бұл ретте мемлекеттік сектор және "Банктер" қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болып, ал "Басқа секторлар" таза қарыз алушылар. (...) "Басқа секторлардың" үлестес емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы 1,6 миллиард долларға азайды, ол, негізінен, қарыздарды өтеу есебінен, оның ішінде ERG тобы кәсіпорындарының міндеттемелерін қайта қаржыландыру (963 миллион долларға азаю), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың "Сбербанк России" ПАО алдындағы (371 миллион доллар) және "Қазтеміртранс" АҚ-тың ЕҚДБ алдындағы қарыздарын өтеу есебінен болып отыр", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында. Банктегілердің мәліметінше, сыртқы борыштың 63,6 пайызын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25 пайызын байланысты емес кредиторлар алдындағы "Басқа секторлардың" сыртқы борышы, 7,8 пайызын мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,6 пайызын "Банктер" секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ) алып отыр. 




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

жұма, 05.04.2019, 17:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30