Нарық

Ұлттық банк тағы бір ескі банкноттарды қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді

  • Ұлттық банк тағы бір ескі банкноттарды қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді

    Ұлттық банк тағы бір ескі банкноттарды қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді

Қазақстанда номиналы 1000 теңгелік ескі банкноттарды қабылдау тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық банкі 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.
"2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады", - деді ведомствода. 

Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылады. Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс телефондары Ұлттық Банктің сайтында көрсетілген. 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Ұлттық Банктің 1477 нөмірі бойынша байланыс-орталығына хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, 1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатты.




Көрілген: 3077    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 13:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30