Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұлттық банк теңге бағамы туралы: Жағдай тұрақталды

07 маусым 2022, 12:36

Мамырдың басында теңге бағамы нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, шынында да биыл ақпаннан бастап теңге бағамының құбылмалылығы геосаясаттан туындаған тәуекелдер және жаһандық нарықтардағы жоғары құбылмалылықпен байланысты. Сондықтан теңгенің еркін өзгермелі режимінде әрекет етпей тұруы мүмкін емес еді. Теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамы, біздің ойымызша, экономика мен нарыққа сыртқы жағдайларға тез бейімделуге мүмкіндік береді. Мамырдан бастап жағдай тұрақталды. Бұл сыртқы нарықтағы жағдайдың тұрақтануымен байланысты", - деді Молдабекова Ұлттық банкте өткен брифинг барысында.
Вице-президенттің айтуынша, тұрақтандыру экспорттаушылардан ұлттық валютаның ұсынысы артып, валюта нарығындағы теңгерімге қолжеткізілген.

Tengrinews.kz