Нарық

Ұлттық банк теңге қатты құнсызданса интервенция жасайтынын айтты

  • ktk.kz

    ktk.kz

Доллардың қымбаттауына мұнай бағасының түсуі себеп! Бүгін Ұлттық банктегілер теңгенің құнсыздануын осылай түсіндірді. Бірақ олар тағы девальвация болады деп қауіптенудің қажеті жоқ екенін айтады. Ал, сарапшылар не дейді? Төл валютамыз алдағы уақытта қалай құбылуы мүмкін?


Бір теңге үшін 386-387 теңге. Ақша айырбастау орталықтарындағы баға осындай. АҚШ ақшасы күн сайын шарықтап барады. Тіпті 5 күнде 5 теңгеге қымбаттап үлгерді.


Ал Ұлттық банк төл ақшамыздың құнсыздануына әдеттегідей мұнай бағасы себеп дейді. Өйткені «қара алтынның» құны соңғы күндері шамамен 10 долларға арзандап, баррелі 61 доллардан сатылып жатыр.


Десе де, Ұлттық банк теңгенің шамадан тыс арзандап кетуіне жол бермейміз деп сендіріп отыр.


Мәдина Әбілқасымова, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:


- Әлемдегі сауда текетіресінің күшеюінен Brent маркалы мұнайдың бағасы түсті. Тиісінше бұл теңгемізге әсер етіп отыр. Валютамызға қауіп төнсе, Ұлттық банк валюталық интервенция жасауға құқылы. Жағдайды бақылап отырмыз.


Ал, теңгені әлсіреткен мұнай бағасының арзандауына не себеп? Сарапшылар бұған Американы кінәлап отыр.


Айтуларынша, нарықты жаулау үшін Ақ үй мұнай экспорттаушы Иран, Венесуэла сияқты елдерге санкция салып, өзі «қара алтынды» шамадан тыс өндіріп жатыр. Тіпті, артық қор жиналып, баға құлдырап кеткен.


Бұлай жалғаса берсе, теңге әлі де әлсіреуі мүмкін.


Сапарбай Жұбаев, экономист:


- Трамп барлығын Америка халқы үшін істеймін деп айтты. Бірақ өзінің мүддесі тұрғысында әрекет етіп жатыр. Сондықтан доллар 387-390-ға дейін баруы мүмкін. Бірақ, 400-ге жақындамайды. Оған ешқандай экономикалық себеп жоқ.


Жағдай ушығар болса,бюджетін мұнайдан түскен пайдамен жауып отырған Қазақстан тығырыққа тірелуі мүмкін. Сондықтан Үкімет тағы Ұлттық қорға ауыз ашуға мәжбүр болады дейді сарапшылар. Дегенмен, жаман айтпай жақсы жоқ. Төл ақшамыз долларға шаққанда 400 теңгеге арзандаса, Ұлттық банк интервенция жасап, қаржы нарығын тұрақтандыруы тиіс.


ktk.kz


 




Көрілген: 1919    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.06.2019, 09:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31