Нарық

Ұлттық банк теңге неге әлсірегенін түсіндірді

  • https://businessfm.kz/

    https://businessfm.kz/

Сәрсенбі күні Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 427,85 теңге болды. Үш күндік демалыс кезінде ұлттық валюта 2,69 теңгеге әлсіреді.

 

"ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемі бойынша келісімге келмеді. Ұлттық валютаға сыртқы факторлар теріс әсер етеді. Оның ішінде негізгісі ағымдағы мұнай бағасының жоғары құбылмалылығы болып табылады", - деді Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.

 

Оның айтуынша, Ұлттық Банк сыртқы нарықтағы ахуалға мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Тұрақсыздандыру жағдайы болса, валюталық интервенция жүргізу құқығына ие.

 

БАӘ-нің базалық өндіру деңгейін тәулігіне 3,2 млн баррельден 3,8 млн баррельге қайта қарау туралы талап қойған болатын. Сауд Арабиясы бастаған ОПЕК+ке қатысушы елдер биыл тамыз–желтоқсан аралығында мұнай өндіру көлемін бір айда 400 мың баррельге арттыру туралы ымыраға келе алмады. Сауд Арабиясы энергетика министрінің мәлімдемесі бойынша, ОПЕК+ альянс БАӘ-ға өзгелерден ерекше жағдай жасай алмайды.

 

Ымыраға келмегендіктен, тамыз айында өндіріс көлемі болжамдағыдай болмайды. Brent маркалы мұнай бағасы 2018 жылдың қазаннан бастап алғаш рет бір баррель үшін 77 АҚШ долларынан асты. Нарыққа қатысушылар мұнай бойынша позицияларды белгілей бастады, бұл бағаның баррель үшін 74 АҚШ долларына дейін төмендеуіне алып келді. Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ әкімшілігі комитеттің жоғары лауазымды мүшелерімен келіссөздер жүргізіп, өндірісті ұлғайту туралы шешімді қолдайды.

 

Инвесторлардың жаһандық тәуекел-сентименті нашарлауы теңгеге қысым көрсететін қосымша фактор болып отыр. Атап айтқанда, Covid-19 дельта-штамы таралуына байланысты қауіп артты. Мәселен, Азияның кейбір елдері карантин шараларын қайтадан қатаңдатуға мәжбүр болды: Малайзияда локдаун ұзартылды, Индонезияда сауда орталықтары уақытша жабылды.

 

Тайландта мейрамханалардың жұмысы шектелді.

 

Дамушы нарықтардың көбі үшін аптаның басы жағымсыз болды: Бразилия реалы 2,8%-ке әлсіреді, Ресей рублі 1,6%-ке, Мексика песосы 1,2%-ке, Оңтүстік Африка ранды 0,6%-ке әлсіреді.

 

Әлемдік қор индекстері де теріс көрсеткіште (S&P 0,2%-ен, Dow Jones 0,6%-ке төмендеді), қауіпсіз активтерге сұраныс өсіп келеді – алтын аптаның басынан бері 0,6%-ке өсті (трой унциясы үшін $1797,96-ға дейін), доллар индексі (DXY) 0,3%-ке, Жапон иенасы 0,4%-ке нығайды.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.07.2021, 17:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30