Нарық

Ұлттық банк теңгенің неге күрт әлсіреп кеткенін түсіндірді

  • Ұлттық банк теңгенің неге күрт әлсіреп кеткенін түсіндірді

    Ұлттық банк теңгенің неге күрт әлсіреп кеткенін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің әлсіреуі үш басым факторға, соның ішінде Қазақстанда салық төлемдері кезеңінің аяқталуына байланысты екенін айтты. Сейсенбі, 2 наурызда биржалық сауда-саттықта ұлттық валюта бірден 2,36 теңгеге әлсіреп, бір доллар 420,40-420,80 теңге аралығында саудалануда.

Ұлттық банк теңге бағамының күрт әлсіреу себебін атады.

"Ұлттық валютаның әлсіреуі үш басым факторға: ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнайға баға белгілеудің құлдырауына, әлемдік нарықтарда АҚШ долларының нығаюына және Қазақстанда салық төлемдері кезеңінің аяқталуына байланысты болды", - деді Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.

Дүйсенбіден бері мұнай бағасы өткен аптада қол жеткізген ең жоғары көрсеткіштерден ауытқып, 5,1%-ке төмендеді. Коронавирусқа қарсы вакциналаудың қарқын алуы, Сауд Арабиясы тарапынан мұнай өндіруді ерікті түрде сәуірге дейін күніне 1 миллион баррельге қысқарту, сондай-ақ, АҚШ-та бұрын-соңды болмаған аязға байланысты мұнай өндіруді мәжбүрлі түрде тоқтата тұру жыл басынан бері мұнай бағасының өсуіне оң әсер еткен еді.

Мұнай нарығындағы қазіргі ахуал алдағы ОПЕК+ отырысына қатысты алаңдаушылықтың артуымен байланысты. Мұнай өндіру бойынша қазіргі шектеулерді біршама жеңілдету туралы шешім қабылданады деп күтілуде.

Сарапшылар коалиция мұнай өндіруді күніне шамамен 0,5 миллион баррельге ұлғайтады деп болжайды, ал Сауд Арабияның ерікті шектеулерді жалғастыруы екіталай.




Көрілген: 1078    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 19:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30