Нарық

Ұлттық банк төлем балансы туралы айтты

  • http://kazgazeta.kz/

    http://kazgazeta.kz/

Ұлттық банктің төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаевтың төлем балансының ағымдағы шоты туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстан Республикасының төлем балансын алдын ала бағалауға сәйкес ағымдағы шоттың тапшылығы 2020 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша (&ndash) 5,5 млрд АҚШ долларын құрады. Нәтижесінде 2020 жылдың 9 айында шот теріс аймаққа ауысты.

 

« Егер жылдың бірінші жартысында ағымдағы шот оң болса (1,7 млрд АҚШ доллары), 2020 жылғы 9 айда тапшылық (&ndash)3,8 млрд АҚШ доллары көрсеткішіне жетті. 3-тоқсандағы ахуал нашарлауының негізгі себебі тауарлар экспортының төмендеуі болып табылады. Халықаралық сауданың ресми деректері бойынша, тауарлар экспорты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,4%-ға &ndash 9,3 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды. Қысқару 2020 жылғы 2-тоқсанда мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне байланысты болды, бұл 3-тоқсандағы халықаралық сауда статистикасында көрініс тапты»,&ndash дейді Азат Өскенбаев.

 

Бұл ретте сол кезеңде тауарлар импорты 4,2%-ға 11 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Импорттың қысқаруы негізінен ірі инвестициялық жобалардың аяқталу сатысына көшуіне байланысты инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің азаюымен қамтамасыз етілді.

 

«Пандемияның таралуы, әлемдік экономикалық белсенділіктің баяулауы, сұраныстың қысқаруы және Қазақстанның негізгі экспорттық позицияларына төмен бағалар 3-тоқсанда импорт көлемінің тауарлар экспортының көлемінен асып кетуіне алып келді, бұл өз кезегінде тапшы сауда балансына алып келді. Статистика жөніндегі ұлттық бюроның деректеріне сәйкес, тоқсандық тапшылық Қазақстан тарихында екінші рет және 1995 жылдан бері алғаш рет болып отыр. Ұлттық банк қолданатын төлем балансының әдіснамасы бойынша &ndash 1999 жылдан бастап алғаш рет»,&ndash деп атап өтті Ұлттық банк өкілі.

 

Сауда балансымен қатар, ағымдағы шоттың серпіні шетелдік инвесторларға төленетін кірістерді де айқындайды. Мұнай-газ секторындағы кірістердің төмендеуіне байланысты тікелей шетелдік инвесторлардың дивидендтері мен қайта инвестицияланған пайда 9 айда 43%-ға төмендеп, 6,9 млрд АҚШ долларын құрады. Шетелдік инвесторлардың кірісінің төмендеуі тапшы сауда балансының теріс әсерін ішінара реттейді. Алайда, абсолюттік көрсету бойынша экспорттың өте төмендеуі ағымдағы шоттың осындай теріс аймаққа күрт өтуіне себепші болды.

 

«2020 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы шот бойынша Ұлттық Банктің болжамы (&ndash)4,2 млрд АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты. Алайда, 3-тоқсандағы статистика, пандемияның екінші толқыны, Еуропада жаңа карантин шараларының енгізілуі және әлемдік экономиканың қалпына келуіне қатысты белгісіздік ахуалдың одан әрі нашарлауын көрсетеді. Ұлттық банктің болжамдары «қараша-желтоқсан» болжамдық кезеңі шеңберінде жаңартылатын болады»,&ndash деп толықтырды ол.

 




Көрілген: 219    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 18:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31