Нарық

Ұлттық банк төрағасы бизнесмендерге берілген кредиттер туралы: Ақшаны жеп қойған

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев девальвацияға дейін валюталық кредит алған кәсіпкерлерге көмек көрсету туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бас банкирдің айтуынша, 2014-2015 жылдардан бері жиналған сұрақтар көп. Содан бері екінші деңгейлі банктердің көбісі валюталық қарыздарын ауыстырып алды.


"Бүгінде кіші және орта бизнеске валютамен берілген несиелердің саны 20 проценттен аспай отыр. Шынын айтайын, оның ішінде айыппұлдар мен өсімақылар, төлемеген "интерестер" бар. Бірақ бәрін бірдей амнистияға өткіземіз бе, басқаша істейміз бе, ондай мүмкіндіктің жолы дұрыс болмайтын шығар деп ойлап отырмыз", - деді Досаев сенат отырысында.


Ұлттық банк төрағасының сөзіне сүйенсек, қарыздардың мерзімін ұзарту мәселесі қаралып жатыр. Бұл мәселе екінші деңгейлі банктермен пысықталады екен.


"Бірақ бір кредит екіншісіне ұқсамайды. Оны өздеріңіз білесіздер. Біреулер ақшасын жеп қойды, біреулер шынымен банктерге төлей алмай отыр. Дайындап жатқан комплексіміз бар. Осы жылдың соңына дейін... күзге дейін дайын болатын шығар. Енді механизмдерін дайындауымыз қажет. Өйткені банктердің бізге қоятын өз сұрақтары бар. Қандай көмек береміз? Теңгемен береміз бе? Доллармен береміз бе? Соның бәрін қарап жатырмыз", - деп атап өтті Досаев.


Бас банкирдің пікірінше, бұл проблеманы ипотекалық қарыздар сияқты шешуге болады. Дегенмен, қазір соманың мөлшері аз емес.


"Мысалы, бүгінде портфелімізде 12 триллион 700 миллиард болса, соның 20 процентін санаңыз. Сонда бізде 250 миллиард теңгедей кіші және орта кәсіпкерлерге валютамен берілген кредит шығады. Бұл мәселені бүгін-ертең шеше алмаймыз. Бірақ алдағы үш ай ішінде банктермен сөйлесіп, күзге шейін қандай мүмкіндік болатынын, қандай көмек бере алатынымызды айтатын боламыз", - дейді Досаев.


 




Көрілген: 874    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.06.2019, 15:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31