Нарық

Ұлттық банк валюта айырбастау пунктінің жұмысына қатысты өзгеріске түсінік берді

  • https://24.kz

    https://24.kz

Ұлттық банк өкілдері айырбастау пунктерінің жұмысына өзгерістер енгізуге байланысты пікір білдірді.


Еске салсақ, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ақша айырбастау бөлімшелері 10:00 кешкі жетіге дейін істейтін болады. Сонымен қатар олардың банкте 20 млн теңге депозиті және 100 млн теңге жарғылық капиталы болуы шарт.


Мұндай талаптар не үшін қажет?


- Ұлттық банк өкілдері халықаралық ұйымдардың қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті күшейткенін алға тартты.


Айырбастау пункттеріне келушілерді тіркеу халықаралық тәжірибеде.


«Индентификациялау барлық операциялар кезінде жүргізіледі. Бірінші кезекте, клиент қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастырып жатқан жоқ па? Соны тексеру қажет. Екіншіден, лаңкестік пен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімінде бар ма, жоқ па? Бұл да тексерілуі тиіс» - LS сараптама агенттігінде жарияланған хабарламада.


Ұлттық банк Басқармасының төрағасы Дина Галиева өзгерістерді ослайша түсіндірді.


Оның айтуынша, ақша айырбастауға барған адамдарды тіркеу көптеген мемлекеттерде жүргізіледі. Италия, БАӘ, Таиланд, Польша елдерінде айырбастау пункттерінің жұмыс уақыты шектелген. Ал бөлімшелердегі жарғылық капитал көлемінің өзгеруіне тоқталсақ.


«Халықтың валюталық сұранысын толық қамтамасыз ету үшін айырбастау пункттерінің белгілі көлемде қаржысы болу керек. Бұл әсіресе сұраныс күрт ұлғайғанда қажет » деді ведомство өкілі.


Қаржы министрлігі көлеңкелі экономикамен күрестің тың тәсілдерімен бөлісті. Олар елімізде өнідірілген немесе импортталған өнімдерге онлайн-мониторинг жүргізіп, тауардың тұтынушыға жеткенін бақылауды ұсынып отыр. Бұл арқылы мамандар салықтан жалтарып, жасырын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді анықтауды көздейді.


Сондай-ақ онлайн-мониторинг жүйесі бизнестегі бәсекелестікті арттырып, Қазақстанда жағымды нарықтық орта қалыптастырады» дейді ҚР қаржы вице-министрі Берік Шопанқұлов.


Биыл Қазақстанның сақтандыру нарығы оң нәтиже көрсетіп келеді.


Ұлттық Банк ақпаратына сәйкес, көлік иелерін міндетті сақтандыру жүйесінде сақтандыру сыйақылары мен төлемдер көлемі артқан. Саладағы 17 компания портфелі алғашқы жарты жылдықта 36 млрд теңгеден астам қаржы жинаған. Көрсеткіш өткен жылға қарағанда 15% артық.


Сақтандыру төлемдері бойынша да нәтижелер жаман емес. Жыл басынан бері көлік иелеріне шамамен 14,5 млрд теңге төленген.


Көлік сақтандыруда сыйақы төлеу бойынша үш компания алға шыққан. Олар сыйақылары барлық сақтандыру компанияларының жиынтық төлем көлемінің жартысынан асады.


 24.kz




Көрілген: 834    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 12:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31