Нарық

Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Ұлттық банк ішкі ақша және валюта сегменттеріне үздіксіз мониторинг жүргізеді және қажеттілігіне қарай қаржылық тұрақтылықтың қосымша шараларын қабылдайды, деп жазылған Ұлттық банктің Facebook-тегі ресми парақшасында.

 

Ірі қор және валюта нарығында жағдайдың тұрақсыздығы байқалады. СOVID-19 короновирусының тарауы және Опек және ОПЕК+ отырысына қатысушылардың мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленің талаптары туралы уағдаластыққа келе алмауы нәтижесінде әлемдік экономиканы баяулату қатері туды. Мұнай бағасы алтыншы наурыздан бері елу доллардан отыз бес долларға дейін, яғни 30% дейін төмендеді.

 

Дамушы нарықтағы валюталар, яғни Қазақстанның сауда серіктестері де әлсіреуде. Сыртқы жағдайға сәйкес Ұлттық банк 2020 жылдың 10 наурызынан бастап валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін валюталық интервенция жүргізеді. Алғаш рет Қазақстандық қор биржасында франкфурттык аукцион тәсілі қолданылды. Аталмыш инструментті Ұлттық банк биржамен бірлесе отырып жүзеге асырған. Қажет болса валюталық интервенция қайта жандандырылады.

 

Ұлттық Банк ішкі ақша және валюта сегменттеріне үздіксіз мониторинг жүргізеді және қажеттілігіне қарай қаржылық тұрақтылықтың қосымша шараларын қабылдайды. Транспаренттік саясатына сәйкес, Ұлттық банктің барлық валюталық операциялары ашық өткізілетін болады, - деп жазылған Ұлттық банктің ресми парақшасында.

 

Вaq.kz




Көрілген: 185    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 15:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30