Нарық

Ұлттық экономика министрлігі алдағы бес жылда теңге бағамы қалай өзгеретінін айтты

  • Ұлттық экономика министрлігі алдағы бес жылда теңге бағамы қалай өзгеретінін айтты

    Ұлттық экономика министрлігі алдағы бес жылда теңге бағамы қалай өзгеретінін айтты

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанның 2022–2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған базалық, оптимистік және пессимистік сценарийлері әзірленді.

 
Базалық сценарий кезінде мұнай бағасы барреліне 60 долларды, ал доллар бағамы 425 теңгені құрайды.

2022–2026 жылдар аралығында ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 4,8% деңгейінде күтілуде. 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3,9% деңгейінде, 2026 жылы 5,2 пайызға дейін жеделдейді.

2022 жылы мұнай өндіру 87,9 миллион тоннаны құрап, 2026 жылы 107,4 миллион тоннаға дейін ұлғаяды.

"Барлық базалық салада оң өсім күтілуде. Негіз ретінде бюджетті жоспарлау үшін базалық сценарийді пайдалану ұсынылады", - деді ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев үкімет отырысында.

Оптимистік сценарий кезінде мұнай бағасы барреліне 70 доллар болса, доллар бағамы – 415 теңге.

2022-2026 жылдар аралығында елдің жалпы ішкі өнімінің орташа жылдық өсімі 5% деңгейінде болжанып отыр. 2022 жылы экономиканың нақты өсімі –  4,1%, 2026 жылы 5,3%-ке дейін үдейді.

Пессимистік сценарий орындалса, мұнай бағасы барреліне 50 доллар, ал доллар бағамы 435 теңгеге жетеді.

Алдағы бес жылда елдің ЖІӨ орташа өсімі 4,6% деңгейінде болжануда. 2022 жылы экономиканың нақты өсімі 3,7%, ал 2026 жылы 4,9%-ке дейін жеделдейді. 




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.08.2021, 12:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31