Нарық

Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері #Birge #TazaQazaqstan жалпы республикалық экологиялық акцияға қатысты

  • Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері #Birge #TazaQazaqstan жалпы республикалық экологиялық акцияға қатысты

    Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері #Birge #TazaQazaqstan жалпы республикалық экологиялық акцияға қатысты

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы экологиялық сенбілікке компанияның 200-ден астам қызметкері шықты. Елдің барлық аумағында болып жатқан #Birge#TazaQazaqstan челленджіне үлес қосу туралы бастаманы «ҚазТрансГаз» компаниялар тобының Жастар ісі жөніндегі кеңесінің мүшелері көтерді.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бастама жасаған #Birge #TazaQazaqstan акциясы Қазақстан бойынша ерекше қолдауға ие болып отыр. Оның негізгі мақсаты барлық қазақстандықтардың назарын, еліміздің экологиялық проблемеларына аударуға және табиғи ресурстарды қорғау мен сақтау мәдениетін көтеруге бағытталған.




Нұр-Сұлтанда, газ саласының жас қызметкерлері астана тұрғындарымен, еріктілермен, қоғам қайраткерлерімен және экологиялық белсенді азаматтармен бірге Майбалық көлінің жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізді. Олар бірнеше сағат ішінде 9 тонна қоқыс жинады. Алматыда Үлкен Алматы өзенінің жағалауында тазалау және жиыстыру жұмыстары жүргізілді.




«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының Жастар ісі жөніндегі кеңесінің мүшесі Мәди Сандыбай, компания жастары экоакция өткізу идеясын үлкен құлшыныспен қабылдағанын жеткізді.





«Бұл бір тамаша, пайдалы челлендж. Экологиялық сенбілікке қатысу идеясымен, біз бірден келістік. Қазақстанның бас қаласындағы қоршаған ортаны қорғау, оның экологиясын жақсартуға үлес қосу – біздің міндетіміз, борышымыз. Көл жағасын қоқыстан тазарту барысында байқағанымыз, басым бөлігі – пластикалық бөтелкелер мен пакеттер. Бұлар, бұл жерде ғасырлар бойы жатуы мүмкін еді. Қазақстанға, келешекте, тұрмыста қолданылып жүрген полиэтилен пакеттерден толығымен бас тарту қажет деп ойлаймын, себебі бұл әлемдік тәжірибеге айналды. Экологиялық материалдарды пайдалануға көшу, ел табиғатын қорғауға жасалған үлкен қадам болмақ», - деді Мәди Сандыбай.


«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз-қызметі

 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.08.2019, 14:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31