Нарық

Ұлттық қорға түсім азайды

  • Ұлттық қорға түсім азайды

    Ұлттық қорға түсім азайды

 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Ұлттық қорға түскен түсім 363,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 37,8%-ға немесе 220,7 млрд теңгеге төмен. Оның ішінде салықтық түсімдер 358,0 млрд теңгені құрап, 2019 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 37,1%-ға төмендеді. Түсімдердің ағымдағы серпіні сақталған жағдайда, 2020 жылы қордың пайдасына жиынтық салық төлемдері 2 147,8 млрд теңгені құрауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Ұлттық қорға түскен жиынтық салық көлемі 2 837,2 млрд теңгені құрады.
2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Ұлттық қорға түскен түсім 363,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 37,8%-ға немесе 220,7 млрд теңгеге төмен. Оның ішінде салықтық түсімдер 358,0 млрд теңгені құрап, 2019 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 37,1%-ға төмендеді. Түсімдердің ағымдағы серпіні сақталған жағдайда, 2020 жылы қордың пайдасына жиынтық салық төлемдері 2 147,8 млрд теңгені құрауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Ұлттық қорға түскен жиынтық салық көлемі 2 837,2 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, салық төлемдерінің барлық түрлері бойынша азайғаны байқалады. Ағымдағы жылдың екі айында КТС бойынша түсімдер көлемі 121,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9 млрд теңгеге немесе 45,3%-ға төмен. Мұнай секторы ұйымдарының өнімдерін бөлу бойынша түсімдер 43,7%-ға немесе 92,4 млрд теңгеге, 119,0 млрд теңгеге дейін азайды. Ағымдағы жылы ПҚӨС 16,7%-ға төмен, ал ренталық салықтан түскен түсімдер 10,4%-ға кем. Бұл ретте есепті кезеңде мұнай экспортының айтарлықтай төмендеуі байқалған жоқ. Осылайша, 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Новороссийск портында «Каспий құбыр консорциумы» (КҚК) теңіз терминалы арқылы мұнай тиеу көлемі 10,48 млн тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 0,2%-ға төмен (10,50 млн тонна). Айта кету керек, КҚК құбыр жүйесіне қазақстандық мұнай экспортының 75%-дан астамы келеді. Айлар бойынша түсімдерді бөлу кезінде, ағымдағы жылдың қаңтарында Ұлттық қорға түсетін салық түсімдері 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 53,3%-ға азайып, 51,0 млрд теңгені құрады, ал ақпан айында түсімдер 33,3%-ға 307,0 млрд теңгеге дейін азайды .

2013 жылы Ұлттық қордан 1,4 трлн, 2014 жылы 2 трлн, 2015 жылы 2,5 трлн, 2016 жылы 2,9 трлн, 2017 жылы 4,4 трлн теңге жұмсалды. Ал 2018 жылы Ұлттық қордан 2,6 трлн теңге алынды 2019 жылы алынған қаражат туралы мәлімет әлі жаңартылған жоқ. Бірақ үкімет 2019 жылы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға 2019 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке қаражат қарастырмау мәселесін енгізді. Бұл – қазына қаржысы Ұлттық қордан толтырылмайды деген сөз.

 

Ұлттық қорға салық түрінде түскен төлемдерге келетін болсақ, бұл жерде әдеттегідей мұнай секторы көш бастап тұр. Есептік кезеңде мұнайшылар 1,5 трлн теңге немесе жалпы түсімнің 77,7%-ын аударды. Былтыр бұл сома с 8,1 млрд теңге шамасында болды. Ұлттық қордан соңғы 6 айда 1,8 трлн теңге жұмсалды. Былтыр дәл осы кезеңде ел игілігіне 1,4 трлн теңге жаратылған еді. Кепілдендірілген трансферт 1,5 трлн теңге болды. Бір жылда көрсетілген сома 1,1%-ға көбейді. Бірінші жартыжылдықтықтың қорытындысында мақсатты трансферт көлемі 370 млрд теңгеге жетті. Ал қорды басқаруға және жыл сайын жүргізілетін ішкі аудитке 5,7 млрд теңге бөлінді. Бір жыл бұрын бұл мақсатқа 11,8 млрд теңге қарастырылған.
Жалпы, бізде Ұлттық қор және оның қаржысы туралы сөз жиі қозғалады. Бұл туралы екінің бірі пікір білдіреді десек артық емес. Бірден айтайық, Ұлттық қор бүгін үшін емес, ертең үшін құрылған. Мұндағы ақшада болашақ ұрпақтың да несібесі бар. Ұлттық қорда жиналған қаржыны пышақ үстінде халқына таратып берген бірде-бір мемлекет жоқ. Қазақстан жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде Ұлттық қордағы ақшаның игілігін көрді, алдағы уақытта да көре береді. Мұның дәлелі соңғы 8 жылда Қазақстан Ұлттық қордан 83 млрд доллар алып, оны әлеуметтік бағдарламаларға жұмсады, банктерді сауықтыруға бөлді. Бұл процес 2007 жылдан бері қайталанып келдеді. Экономисттер «Соңғы жылдары Ұлттық қордан алынған қаржы бюджеттің кіріс бөлігінің тең жартысын құрайды», – дейді. Қазақстанның Ұлттық қоры секілді қорлар әлемнің басқа елдерінде де бар және болған. 2008 жылы құрылған Ресей резервтік қоры биыл ақпан айында қаржысының таусылуына байланысты жабылып қалды. АҚШ-та ұлттық ғылыми қор және демократия ұлттық қоры бар. 1950 жылы құрылған ұлттық ғылыми қор тәуелсіз федералды агенттік ретінде АҚШ конгресінің қолдауымен дүниеге келген. Бүгінде жылына 7,5 млрд доллар айналдыратын қор құрама штаттардағы әлеуметтік ғылымдар саласындағы барлық ғылыми жобалардың 24%-ын қаржыландырады. Демократия ұлттық қоры 1983 жылы пайда болды. Бұл қор әлем бойынша демократия мен адам құқығына қатысты жүргізілетін зерттеулерге грант тағайындаумен айналысады. Еврейлерде «Еврей ұлттық қоры» деп аталатын қор бар. Аталмыш қор Израиль мемлекетінің құрылуы мен қалыптасуына қаржы құйған. Бұл қордың кереметтілігі сол, оған дүниежүзінің еврейлері ерікті түрде ақша аударып тұрған. Бүгінгі таңда «Еврей ұлттық қоры» жер сатумен және ауқымды жобаларды қаржыландырумен айналысады. Әлемде бұдан да басқа қорлар толып жатыр. Қазақстандағы Ұлттық қор солардың бірі.

Диагарммадағы деректер ҚР Қаржы министрлігінен алынды




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.03.2020, 18:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30