Ұнның бағасы бір жылда 15%-ке өсті

21 сәуір 2022, 11:36

Наурызда ұнның ең жоғарғы бағасы Нұр-Сұлтан мен Атырауда болған. Дәнді дақылдардан, өсімдік ұнынан жасалған ұн, ұсақ тартылған қоспалар өндірісінің көлемі биыл қаңтар-наурызда 881,4 мың тоннаға жетті.
Осылайша, өндіріс бір жылда 8,9%-ке артты. Алайда, бұл 2018-2019 жылдарға қарағанда аз, деп жазады Energyprom.kz.
Өндірістің ұлғаюына қарамастан, ұн бағасы биыл наурызға қарай бір жылда 15%-ке өсті. Соңғы жылы ұн бағасының айтарлықтай өсуі ақпанда (2,1%) және наурызда (бірден 4,2% - ке) байқалды.
Биыл наурызда қалаларда жоғары сұрыпты ұнның орташа бөлшек сауда бағасы келісі үшін 279 теңгені, бірінші сұрыпты ұнның келісіне 191 теңгеге жетті.
Қалалар арасында наурызда жоғары сұрыпты бидай ұнына ең жоғары баға Нұр-Сұлтанда болды. Астаналықтар бір келі ұнды 343 теңгеге сатып алды. Сондай-ақ, жоғары баға Атырауда (327 теңге) және Алматыда (312 теңге) байқалды. Ең арзаны – Павлодарда (194 теңге), Оралда (209 теңге) және Семейде (212 теңге).
Сондай-ақ, бірінші сұрыпты бидай ұнының құны Ақтау (257 теңге), Нұр-Сұлтан (248 теңге) және Алматыда (236 теңге) ең қымбат болды. Петропавлда (139 теңге), Ақтөбе (145 теңге) және Қарағандыда (148 теңге) ең арзан.
Energyprom.kz сарапшылары ауыл шаруашылығы министрлігі тапшылықты болдырмау үшін 2022 жылдың 16 сәуірінен бастап 15 маусымға дейін ұн экспортына шектеу енгізгенін атап өтті.