Нарық

Уоррен Баффеттің пайдалы кеңестері

  • Уоррен Баффеттің пайдалы кеңестері

    Уоррен Баффеттің пайдалы кеңестері

Уоррен Баффет әлемдегі байлығы жағынан үшінші орында тұрған адам. Ол бар байлығын жалғыз тәсілмен – инвестициямен тапқан. Мектепте оқып жүрген кезінде ата-анасы берген тиын-тебенді жинап, алғашқы акциясын сатып алған ол, кейін келе инвестицияға, яғни ақшадан ақша жасау өнеріне шындап беріледі. Ол жиған байлығын жыл сайын 15-20 пайызға өсіріп отырған. Уоррен Баффеттің инвестиция жайында жазылған бірнеше кітаптары бар және оған қоса түрлі басылымдарға берген сұхбаттары да жетерлік. Назарларыңызға әлемге танымал инвестордың инвестиция әліппесі туралы айтқан бірқатар ұстанымдарын ұсынамыз. Одан сіз көп пайдалы ақпарат алатыныңыз анық.

 

Қарызды ақыл таразысына салып барып ал

Баффет барынша ақшаны қарызға алудан аулақ болу қажеттігін ескертеді. Кредиттік карталар, кешеуілдетіп төлеу, ипотека – бұлардың бәрі егер адам шамасына қарамай ала берсе, күндердің

күнінде қарызды қайтара алмайтындай деңгейге жеткізіп, банкрот аталатын құрдымға құлатып тынады. Бұл арада кері шегінер жол қалмайды.

-Мен араққа салынып, маскүнем болған көп адамдарды көрдім, сонымен бірге артық қарыздың кесірінен банкротқа ұшырап, қайыршылыққа түскендерді одан да көп көрдім. Ақылыңыз болса, ешқашан да қарыз алуға үйір болмаңыз, — дейді Уоррен Баффет.

 

Алдымен өзіңе төле

Егер сіз ақша жинап, инвестициямен айналысқыңыз келсе мынадай ережелерді қатаң ұстаныңыз: жалақыңызды жұмсап қойған соң барып артық ақшаны жинаймын деп ойламаңыз. Жинайтын ақшаңызды жалақы қолыңызға тиген сәтте бірінші кезекте алып қойыңыз. Егер сіздің табысыңыз барлық шығындарыңызды жабуға толығымен жететін болса, онда былай жасаңыз: алдымен барлық төлейтін төлемдерге қажетті соманы алып қойыңыз, содан кейін шамаңызға қарай қанша мөлшерде жинай аласыз, сонша көлемде ақшаңызды жинақтауға қалдырыңыз. Ал қалған соманы емін-еркін жаратуыңызға болады.

 

Шығынға ұшырататын әдеттерден аулақ болыңыз

Мынаған назар аударып қараңыз. Егер сіз күн сайын жұмыс арасындағы үзілісте шәйханаға барып, 300 теңгеге шәй мен тәтті тоқаш алып жеуді әдетке айналдырдыңыз делік. Енді осы сізге қаншаға түседі, соны есептеп көрелік. Бір жұмыс аптасында, яғни бес күнде сіз 1500 теңге, бір айда 6000 теңге, ал бір жылда 72000 теңгені шәйға жұмсайды екенсіз. Егер сіз бұл әдетіңізді тастасаңыз, сонша ақша қалтаңызда қалар еді. Ал ол ақшаны инвестицияға салып, болашағыңыз үшін іргетас қалауыңызға толық мүмкіндігіңіз бар. Сол сияқты темекі, арақ, тағы да басқа қажетсіз залалды теріс әдеттер аз емес. Олар бір қарағанда онша зияны жоқ сияқты сезілгенмен, шындығында қалтаңызға кәдімгідей салмақ түсіретін жаман әдеттер.

 

Құн мен құндылық, екі түрлі нәрсе

Баффет аса бай болғанымен, өте үнемшіл адам. Оның үнемшілдігі ең алдымен заттың құндылығына байланысты көрініс табады. Ертеде американдық кәсіпкер Бэн Грем былай деген екен: құн, яғни баға дегеніміз – бұл сенің төлеген сомаң, ал құндылық деген – бұл алатының. Акция ма, шұлық па, қандай зат сатып алмаңыз, ең алдымен мына жайға назар аударғыныңыз жөн: затты неғұрлым арзан бағаға сатып алған дұрыс.

Үнемшіл болу деген ішіп-жеуіңнен, киіміңнен, басқа да күнделікті қажеттіліктерден бас тарту және бәрін де тек арзанға сатып алу деген сөз емес. Баффеттің түсінігі бойынша, теңдессіз бағаға қарапайым компанияны алғанша, теңдессіз компанияны кәдімгі бағаға сатып алған дұрыс. Яғни, егер сіз бір затты сатып алғанда оның бағасына ғана емес, құндылығына да қатаң назар аударғаныңыз жөн.

 

Инвестициямен айналысу қарапайым және қолжетімді

Инвестиция туралы соңғы кезде түрлі кітаптар көп шығуда. Дегенмен де, сол кітаптардың бәрін оқып, инвестицияның қыр-сырын үйрену үшін көп уақыт кетері анық. Және адамдардың көбі инвестиция деген – бұл бай адамдардың ғана айналысатын шаруасы деген түсінікті саналарына сіңіріп алған. Осы орайда, Баффеттің инвестиция туралы түсінігі қарапайым және ұғынықтылығымен ерекшеленеді.

Бффеттің ұстанымынша 10 жыл бойы бір компанияға кішкенеден ақша салып отыру, бірден сонша қаржыны әлгі компанияға салудан әлдеқайда тиімді болмақ. Яғни, инвестицияны ақырындап, тұрақты түрде үзбей жүргізген тиімді. Баффет жаңадан бастаған инвесторларға мынадай кеңес береді: инвестицияның негізгі терминдерін оқып, үйреніңіз, брокерлік есепшот ашыңыз, индекс қорын айқындап алыңыз және қордың бір бөлігін сатып алыңыз.

 

Ұзақ мерзімді жоспармен жұмыс істеңіз

Баффеттің ұстанымынша, бірер айдан соң сатып жіберемін деп акция алу ақымақшылық. «Егер сіз акцияны кем дегенде 10 жыл ұстаймын деп алмасаңыз, оның еш пайдасы болмайды» -дейді ол. Акция сатып аларда компанияның соңғы жылдардағы жұмысына, акция құнының қай бағытта жылжығанына назар аударған жөн. Егер акцияны сатып алсаңыз, онда күнде бағасына қарап, жүйкеңізді жұқартпаңыз. Сатып алыңыз да, оны мүлдем ұмытыңыз.

 

Ақшаға бәрін сатып алуға болмайды

Уоррен Баффет өмір бойы инвестициямен айналысып, ақшадан ақша жасау өнерін барынша терең меңгерген адам. Бірақ, соның бәріне қарамастан, оның ақша туралы ұстанымы – қарапайым адамдар үшін таңғаларлықтай болып көрінуі әбден мүмкін. Баффет ақшаға бәрін сатып алуға болмайды деп санайды. Ол үшін ең бастысы – денсаулығы мен достары екен. Бала кезден араласқан достарымен жиі кездесіп, ақша туралы емес, басқа тақырыптар жайында әңгіме-дүкен құрудан миллиардер үлкен ләззат алатын көрінеді.

 

akikat01.com




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 17:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31