Нарық

Үш млн несие алған 3 баланың анасы банкке 55 млн теңге қарыз боп қалған

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

Өскемен тұрғыны Әсия Ахметова үш баланың анасы. 2013 жылы Серебрянск қаласына көшіп барып, банктен несие алып, жеке кәсіп бастайды.

Балалар дәмханасын ашып, ісін ілгерілеткен ол, бірінші қабаттан шағын 3D кинотеатр ашпақ болады. Осы мақсатта қалалық кәсіпкерлік бөлміне жүгініп, «Бірлік» кредиттік серіктестігіне қосылып 3 миллион теңге көлемінде несие алады. Ал үш жылдан кейін үш миллион елу бес миллионға айналып отыр.

Себебі Әсия өз берешегін толық өтесе де, серіктестіктің бірқатар мүшелері несиелерін төлемей келген. Тіпті шетел асып кеткендері де бар көрінеді. Ал үш баланың анасының шоттарына шектеу қойылған. Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алсам деген арманы да аяқ асты болып отыр. Әсия Манарбекқызы дәл осы мәселе бойынша облыс әкімі Даниал Ахметовтың қабылдауында болды.

"Меніңше, мәселенің мән-жайы анық. Сол себепті үш баланың анасының үйін банктің шектеулерінен босату керек. Сот істі қайта қарап, жағдайды тез арада реттеуі тиіс. Адамдарға қиындық тудырмаңдар, жағдайды жете түсініп, барлық белгіленген заң аясында дереу реттеуге тырысыңдар", – деп тапсырды Д.Ахметов.

Аймақ басшысы, сондай-ақ, Әсияның «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алуына мүмкіндік беру керектігін айтып, жауапты мамандарға тапсырма берді.

 sn.kz




Көрілген: 3711    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 17:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30