Нарық

Ұшақ жолаушылары үшін коронавирусқа тапсыратын тест бағасы арзандатылды

  • https://astv.ru/

    https://astv.ru/

Ұшақпен ұшатын жолаушыларға коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тесттің бағасына жеңілдік жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«1 мамырдан бастап Қазақстандағы ірі қалалар арасында ұшақ ұша бастады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талабы бойынша, жолаушыдар ұшу алдында міндетті түрде ПТР тест тапсырулары керек. Бұл ұшу барысында жолаушылар мен экипаж мүшелері үшін ауру жұқтыру қаупін төмендету үшін қажет», - дейді «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің маркетинг және инновациялар жөнінде директоры Алексей Балась.

 

Оның айтуынша ұшақпен ұшатын жолаушылар үшін жеңілдік жасалады.

 

«Біз жолаушыларға қадам жасап, әуе билеттеріне дисконтты картамен есептелетін жеңілдік жасадық. Сонымен бүгінгі таңда тесттің құны барлық жеңілдікті, биоматериалды қоса алғанда 14 346 теңгені құрайды. Ал бала, мүмкіндігі шектеулі адам, зейнеткер сияқты әлеуметтік жеңілдігі бар жолаушылар үшін тағы 5% жеңілдік қосылып, тест құны биоматериалды қоса алғанда 13 549 теңге болады», - дейді ол.

 




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 14:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31