Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында утилизациялық алымның жаңадан бекітілген мөлшерлемесін айтты.
Утилизациялық алымды жинау міндеті халықтың наразылығынан кейін «Оператор РОП» ЖШС-нан «Жасыл дамуға» берілді.
Роман Склярдың айтуынша, утилизациялық алым мөлшерлемесі 50 процентке азайды.
«Автомобиль мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрі бойынша утилизациялық алым мөлшерлемесі 50 процентке төмендетіледі», – деді ол.
Ал бұған дейін кабельге утилизациялық алым төлеу мәселесі келесі жылға шегерілді.