Нарық

Үй салудан ТМД елдері арасында 1-орындамыз – Үкімет басшысы

  • Үй салудан ТМД елдері арасында 1-орындамыз – Үкімет басшысы

    Үй салудан ТМД елдері арасында 1-орындамыз – Үкімет басшысы

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты.
«Күрделі жағдайда шынайы сектор Қазақстан экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды. Әлемдік және өңірлік экономикалардағы белгісіздікке қарамастан өңдеуші сала 3,9 пайыз деңгейінде өсім көрсетті. 2004 жылдан бері алғаш рет жалпы ішкі өнімдегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі тау-кен өндіру өнеркәсібі үлесінен асып түсті», – деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, фармацевтика өндірісі – 47 пайыз, дайын металл бұйымдар көлемі 20 пайызға өсті. Машина жасау – 16 пайыз, оның ішінде, автомобиль жасау – 53 пайыз, вагондар мен локомативтер жасау 39 пайызға көбейді. Алайда тау-кен өндіру секторында өсім қарқыны баяулады, – деп жазады inform.kz.

«Елімізде тұрғын үй пайдалануға беру 16,8 пайызға артып, 15,3 млн шаршы метрге жетті. Қазақстан ТМД елдері арасында бір адамға 0,81 шаршы метр жаңа баспананы пайдалануға беру арқылы бірінші орынға шықты», – деді Асқар Мамин.
Бұған дейін Үкімет басшысы дағдарыстан шығу үшін шұғыл шешімдер қабылданғанын айтқан болатын.

aikyn.kz




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 12:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30