Нарық

«Валюта - алтынға ауыса ма?»: ҚР Ұлттық Банкі желіде тараған ақпаратқа жауап берді

  • «Валюта - алтынға ауыса ма?»: ҚР Ұлттық Банкі желіде тараған ақпаратқа жауап берді

    «Валюта - алтынға ауыса ма?»: ҚР Ұлттық Банкі желіде тараған ақпаратқа жауап берді

ҚР Ұлттық банкі әлеуметтік желілерде тараған «алтын» валютасы жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде теңгенің құнсыздануы мен Қазақстанның жаңа валюта - алтынға ауысатыны туралы ақпарат таралып жатыр. Аудиохабарламадағы белгісіз дауыс кезекті рет қазақстандықтарды доллар сатып алуға үгіттейді және қарызға автокөлік, пәтер алуға кеңес береді. Ұлттық банк бұл ақпараттың жалған, арандатушылық пен экономикалық қаскүнемдікке шақыратынын мәлімдейді», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.


Қасақана жалған ақпаратты таратушыларды анықтау мақсатында банк құқыққорғау органдарына жүгінген.


«Ұлттық банк аудиожазбадағы дауысты таныған адамдарды банктің телефонына немесе әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына хабарласуды сұрайды», - деді қаржы институтынан.




Көрілген: 5649    Пікірлер: 0

жұма, 28.06.2019, 19:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31