Валюта бағамы: 24 қарашада доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

24 қараша 2022, 09:24

Қазақстанның Ұлттық банкі 24 қарашаға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Бүгін, яғни бейсенбі күні доллар бағамы 462,65 теңге болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта 462,75 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 7,64 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 463 теңгеден сатып алынып, 466,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 462 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 462,65 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 475,55 (еуро)

RUB / KZT – 7,64 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 24,84 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 64,67 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,48 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4,14 (өзбек сомы).