Нарық

Вице-министр елімізге Армениядан әкелінетін көліктерге қатысты пікір білдірді

  • © Azh.kz

    © Azh.kz

Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Армениядан келген көліктер елімізде жол жүру ережесін өрескел бұзса да, жауапқа тартылмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Алдымен вице-министр қазақстандықтар Армениядан көліктерді қалай сатып алатынын түсіндірді.


"Менің білуімше, АҚШ-тан Арменияға 60-мың көлік жеткізілген. Көліктер бұл елдің аумағына өте төмен кедендік баж салығымен әкелінеді. Енді автокөліктер біздің мемлекетке сатылып жатыр. Бұл отандық өндіріске әсерін тигізуде. Азаматтарымыз Арменияда уақытша тіркеуге тұрып, көлікті сатып алады. Ондағы көліктер 2 есе арзан ", - деді Аманияз Ержанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, бұл автокөліктер елімізде тіркеуде тұрмағандықтан, иесі жол ережесін бұзса да, жауапкершілікке тартылмайды.


"Азаматтар көліктің жылдамдығын арттырып, жол ережесін жиі бұзады, әрі сол үшін жауап бермейді. Айыппұл төлемейді, сотқа шақырылмайды. Осындай қиындық туғызатындықтан қазір ішкі істер министрлігімен бірге шара қолданып жатырмыз. Бірақ бұл біздің азаматтарға зиянын тигізбеуі керек", - деді вице-министр.


Сонымен қатар Аманияз Ержанов бұл отандық жеңіл көлік өндірісін қорғау үшін жасалып жатқан шара екенін атап өтті.


"Себебі, жоғарыда аталған көліктер елімізге көптеп енгізілсе, бұл жеңіл автокөліктер өндірісінің дамуына әсерін тигізеді. Осыған дейінгі автокөлікті кредитке беру жұмысын жоққа шығарады", - дейді ол.


Айта кетейік, осыған дейін ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерді тіркеудің жаңа әдісін енгізетінін хабарлаған еді. Ресми органның мәліметіне сәйкес, шетелдік нөмірмен жүрген автокөліктер елімізде жол ережесін жиі бұзып, айыппұл төлемейді.

 




Көрілген: 1623    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 14:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31