ВТБ Қазақстан Visа картасы арқылы онлайн-операция жүргізуге тосқауыл қойылғанын растады

02 наурыз 2022, 18:02

ЕБ ВТБ банк (Қазақстан) АҚ корпоративтік коммуникация қызметі Visa карталары арқылы онлай-операциялар жүргізуге тосқауыл қойылғанын растады.

 

Банк мәліметінше, бұл клиент ақшаларының сақталауына кері әсер етпейді.

 

"VISA санкциялар уақытына ВТБ банкімен әріптестігін тоқтатты", - деп хабарлады ВТБ банк (Қазақстан) баспасөз қызметі.

 

"Төлем жүйесінің тоқтатылуы клиенттердің ақшаларының сақталуына әсерін тигізбейді. Қолма-қол ақша алу үшін клиенттер банк банкоматын пайдалана алады. Банк заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетуді жалғастырады", - делінген хабарламада.

 

 

 

sputnik.kz